Радиоактивті сәулелену көздерін импорттау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 4 тамыздағы N 741

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 226-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "ПетроАльянс" геофизикалық компаниясына "Сазанқұрақ" бірлескен

 

кәсіпорынымен жасалған 1998 жылғы 11 маусымдағы келісім-шартқа сәйкес

мұнай және газ ұңғыларында геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін АҚШ-тан

Қазақстан Республикасына:

                        -6       

     белсенділігі 540х10 кюри Cs 137

                        -6 

     белсенділігі 2,5х10 кюри Ra 226

                        -6

     белсенділігі 500х10 кюри Am 241


     белсенділігі 18 кюри Am 241-Be


     белсенділігі 2 кюри Cs 137 (2 дана)


радиоактивтік сәулелену көздерін әкелуге рұқсат етілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия берсін.

     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының

Ғылым министрлiгі - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі

агенттігіне жүктелсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады