Шығыс Қазақстан облысындағы зiлзала апатының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған қаражаттың есебiнен Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне 1998 жылдың сәуiрiнде облыс аумағында болған дауылдың зардаптарын жоюға және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге 100 (жүз) миллион теңге бөлiнсiн.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 1998 жылдың үшiншi тоқсаны бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне орындалған жұмыстың көлемi мен құны туралы баяндасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi