Қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердi мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Алматы қаласы әкiмiнiң, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге ескерткiш мемориалын орнату жөнiндегi қордың Ауғанстанда, Кореяда, Вьетнамда және басқа да елдердiң аумағында болған ұрыс қимылдарында әскери борышын өтеу кезiнде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге Алматы қаласында ескерткiш орнату туралы ұсынысы қабылдансын (бұдан әрi - Ескерткiш).
2. Алматы қаласының әкiмi:
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ аумағында Ескерткiштiң құрылысына жер участкесiн бөлсiн;
Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiмен бiрлесе отырып, Ескерткiштiң ең таңдаулы жобасын
айқындау мақсатында ашық конкурс өткiзсiн;
Ескерткiштiң құрылысы жөнiндегi бас мердiгердi тендерлiк
негiзде айқындасын.
3. Ескерткiштi жобалау мен орнату Ауғанстанда қаза тапқан
жауынгерлерге ескерткiш мемориалын орнату жөнiндегi қордың қаражаты
есебiнен жүзеге асырылатындығы назарға алынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi