Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің шетелге іссапарға шығуын тәртіпке келтіру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 14 тамыз N 770. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.03.19. N 274 қаулысымен. ~P990274

      Мемлекеттік қаражатты үнемдеу режимін күшейту және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің шетелге іссапарға шығуын тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесімен танысу үшін, мамандандырылған халықаралық симпозиумдарға және басқа да дәл осы секілді шараларға қатысу үшін қызметкерлердің бюджет қаражаты есебімен тәлімдемеге, семинарларға, қайта дайындау курстарына бұрын жоспарланған шетелге шығу іссапарларын тоқтатсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі Басшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия делегацияларының, жұмыс топтары мен сарапшылардың ресми және жұмыс іссапарларын әзірлеуге, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтері басшыларының, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері Мемлекетаралық Кеңесі мен Кеңесінің және Орталық-Азия экономикалық қоғамдастығының мәжілістеріне құжаттарды дайындауға қатысты жағдайларды қоспағанда. Бұл жағдайларда лауазымды тұлғалардың іссапары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не оның орнындағы тұлғаның рұқсаты бойынша жүргізіледі, министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың лауазымды адамдары бюджет қаражатының есебінен шетелге іссапарға тек Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде ғана жіберілетін болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.09.15. N 887 қаулысымен.

               

P980887_

   
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетелге іссапарға 
бөлінетін валюталық қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтсін.
     4. Атқарушы органдардың жүйесіне кірмейтін, сондай-ақ, Қазақстан 
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, 
республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік органдарға 
мемлекеттік қаражатты үнемдеу мақсатында шетелге жоспарланған іссапарларды 
оларды қысқарту жағына қарай қайта қарау ұсынылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады