Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 тамыздағы N 770 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 15 қыркүйек N 887. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.03.19. N 274 қаулысымен.~P990274

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң шетелге iссапарға шығуын тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 тамыздағы N 770 P980770_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "Министрлiктердiң" деген сөз кiшi әрiппен басталып, оның алдынан "Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi мен оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң, шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссия делегацияларының, жұмыс топтары мен сарапшылардың ресми және жұмыс iссапарларын әзiрлеуге, оның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерiнiң басшылары мен үкiметтерi басшыларының, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң премьер-министрлерi Мемлекетаралық Кеңесi мен Кеңесiнiң және Орталық-Азия экономикалық қоғамдастығының мәжiлiстерiне құжаттарды дайындауға қатысты жағдайларды қоспағанда. Бұл жағдайларда лауазымды тұлғалардың iссапары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң не оның орнындағы тұлғаның рұқсаты бойынша жүргiзiледi" деген сөздермен толықтырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады