Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах" мемлекеттік компаниясын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 17 тамыздағы N 776

      "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 маусымдағы N 4003 U984003_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах" мемлекеттік компаниясы жарғылық капиталында мемлекеттің 100 проценттік қатысу үлесі бар жабық үлгідегі акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах" мемлекеттік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 қаңтардағы N 71 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 41-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер

 

енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 


P961031_


  қаулысымен (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат) бекітілген Қазақстан

Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің

29-тармағының күші жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады