"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күшi бар Жарлығының 14 және 23-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Харрикейн Құмкөл Мұнай" ашық акционерлiк қоғамына Қызылорда
облысында орналасқан Арысқұм кен орнында көмiрсутегi шикiзатын
өндiру жұмысын және Қызылқия кен орнында көмiрсутегi шикiзатын
барлау және өндiру жұмыстарын жүргiзуге арналған лицензиялар
берiлсiн;
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды
қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi