Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының Ганновердегi ""ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне қатысуы туралы" 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 57 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 4, 19-құжат) сәйкес және көрмеге дайындық жөнiндегi жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне экспозиция дайындау және оған қатысуы жөнiндегi ұйымдастыру комитетi құрылып, оның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне экспозиция дайындау жөнiнде жауапты орындаушы болып белгiленсiн.
3. Қазақстанның "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне экспозициясының Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы әзiрлеген Тұжырымдамасы мақұлдансын.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi:
1998 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасының "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне экспозиция дайындау жөнiнде атқарушы комитет құрсын;
Қазақстан Республикасының "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiн ұйымдастыруға және соған қатысуға шығындар сметасын бiр ай мерзiм iшінде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне табыс етсiн;
Қазақстан Республикасының "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне экспозиция қалыптастыру мақсатында Ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, "Қоршаған орта және даму" тақырыбы бойынша тұжырымдамалық жобаларды iрiктеп алуды жүргiзсiн;
Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп көрмеге қатысудың бүкiл кезеңiне мәдени ойын-сауық бағдарламасының тұжырымдамасын әзiрлесiн;
Қазақстан Республикасының "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне қатысуын ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырудың барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне тоқсан сайын хабарлап отырсын.
5. "Қазақстан Республикасының Ганновердегi "ЭКСПО-2000" Бүкiлдүниежүзiлiк көрмесiне қатысуын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1211 P971211_ қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
31 тамыздағы
N 816 қаулысына қосымша<*>
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.11.18. N 1752 қаулысымен. P991752_
Қазақстан Республикасының "ЭКСПО-2000"
Бүкілдүниежүзілік көрмесіне дайындық және оған
қатысу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
Құрамы
Тоқаев Қасымжомарт - Қазақстан Республикасының Премьер
Кемелұлы Министрі, төраға
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әбілхайырұлы Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары
Саудабаев Қанат - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бекмырзаұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы,
төрағаның орынбасары
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Ыдырысов Ерлан - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Әбілфайызұлы істер министрі
Асанбаев - Қазақстан Республикасының
Ерік Мағзұмұлы Германиядағы Төтенше және Өкілетті
Елшісі
Кәкімжанов Зейнолла - Қазақстан Республикасының
Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі
Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Алтынбек Сәрсенбайұлы ақпарат және қоғамдық келісім
министрі
Көшербаев - Қазақстан Республикасының Білім
Қырымбек Елеуұлы және ғылым министрі
Дәукеев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Серікбек Жүсіпбекұлы ресурстар және айналадағы ортаны
қорғау министрі
Мыңбаев Сауат - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мұхаметбайұлы шаруашылығы министрі
Бүркітбаев - Қазақстан Республикасының Көлік
Серік Мінуарұлы және коммуникациялар министрі
Есенбаев Мәжит - Қазақстан Республикасының Қаржы
Төлеубекұлы министрі
Күлекеев Жақсыбек - Қазақстан Республикасының Экономика
Әбдірахметұлы министрі
Школьник Владимир - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Сергеевич индустрия және сауда министрі,
төрағаның орынбасары
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Әлімұлы Әділет министрі
Келімбетов Қайрат - Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
Нематұлы агенттіктің төрағасы (келісім бойынша)
Биманбетов Бақытбек - Қазақстан Республикасы Туризм және
Тәжібайұлы спорт жөніндегі агенттігінің төрағасы
Қанапиянов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Сержан Мұсақанұлы Министрі Кеңсесінің Сыртқы
байланыстар бөлімінің меңгерушісі,
жауапты хатшы
Зверьков - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Вадим Павлович істер министрлігі Халықаралық
экономикалық ынтымақтастық
департаментінің директоры
Жақсалиев - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
Бақытжан жоспарлау жөніндегі агенттігінің
Мұхамбетқалиұлы Экономикалық саясат және арнайы
бағдарламалар департаменті
директорының орынбасары
Сұраншинова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Гүлзада Битөлекқызы Министрінің Кеңсесі Сыртқы
байланыстар бөлімінің консультанты
Балғымбаев Нұрлан - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның
Өтепұлы президенті (келісім бойынша)
Етекбай - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның президенті
Ербол Ғабдуәлиұлы (келісім бойынша)
Құлыбаев - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау
Тимур Асқарұлы жөніндегі ЖАҚ-ның президенті
(келісім бойынша)
Мәсімов - "Қазақстан Акционерлік Халықтық
Кәрім Қажымқанұлы Жинақ Банкі" ААҚ басқармасының
төрағасы (келісім бойынша)
Молдағалиева Мәрия - "Қазэкспо" фирмасының президенті
Тәшкенбайқызы (келісім бойынша).
ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 950 қаулысымен. P990950_