"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы N 140 P980140_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 7, 40-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) атауындағы "департаментi" деген сөзден кейiн "1998 жылы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) қаулы мен қосымшалардың атауындағы, мәтiнiндегi "қаржы министрлiгiнiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-тармақтағы "Тауарлардың" деген сөздiң алдынан "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң номенклатурасы" деген 1-қосымшада:
атауындағы "ұйымдастырушы болатын" деген сөздерден кейiн "республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
5) көрсетiлген қаулыға "Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi болатын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыратын тапсырысшыларының тiзбесi" деген 2-қосымшада:
"жергiлiктi атқарушы органдар - көмiр, мұнай өнiмдерi, көлiк құралдары" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi