Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісімнің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 14 қыркүйек N 885

      Алда тұрған Каспий шельфін пайдалану мәселелері жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қоюға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мына Келісімдер жобаларының шарттары мақұлдансын:
      1) бір жағынан "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақойл" компаниясы), 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлісу жөніндегі келісімге шетелдік қатысушылар мен екінші жағынан ИНПЕКС Норт Каспиан Си, Лтд., Индонезия Петролеум Лтд. арасындағы Каспий шельфі бойынша құқықтарды беру және қабылдау туралы келісім;
      2) "Қазақойл" компаниясы мен Жапония Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының (бұдан әрі - Корпорация) арасында жасалған Геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргізудің принциптері туралы келісім.
      2. "Қазақойл" компаниясы заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамынан "Қазақойл" компаниясына Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлісу туралы келісімге үлестік қатысуға арналған құқықты қайта беруді қамтамасыз етсін;
      2) ИНПЕКС Норт Каспиан Си, Лтд. мен Филлипс Петролеум Қазақстан Лтд. компанияларының әрқайсысына "Қазақойл" компаниясының Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлісу туралы келісімдегі үлестік қатысуының 50 процентін қайта берсін;
      3) "Қазақойл" компаниясының президенті "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамының, "Қазақойл" компаниясының және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің (Қазақстан Республикасының Өкілетті органы ретінде әрекет ететін) атынан осы тармақтың 1) және 2)-тармақшаларын іске асыру үшін қажетті барлық құжаттарға қол қойсын.
      3. "Қазақойл" компаниясының президенті Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровқа белгіленген тәртіппен берілген сенімхаттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Филлипс Петролеум Қазақстан Лтд" компаниясының арасындағы Газ бен туынды өнімдерді өндірудің, өңдеудің және тасымалдаудың жобасы бойынша келісімнің негізгі ережелеріне қол қоюға уәкілеттік берілсін.
      4. "Қазақойл" компаниясына мына алаңдарда:
      1) Арал теңізі бассейнінің қазақстандық бөлігінде;
      2) Маңғыстау облысындағы Қайдақ соры ауданындағы құрғақтағы аумақта;
      3) Каспий теңізі шельфінің солтүстік-шығыс жағалауында геологиялық- геофизикалық зерттеулер жүргізуге Корпорация тегін ұсынған 50 (елу) миллион АҚШ доллары сомасына бас мердігердің функциясы жүктелсін.
      5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Каспий шельфі бойынша құқықтарды беру және қабылдау туралы

 

келісімге қол қойылғаннан кейін сериясы ГКИ N 1016 (мұнай) лицензиясына

өзгерістер енгізуді;

     2) "Қазақойл" компаниясына "Қазақойл" компаниясы мен Корпорацияның

арасындағы Негізгі Келісімде көрсетілетін аумақтарда барлау жүргізуге

лицензия берілсін.

     6. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар

министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақойл" компаниясына осы

қаулының 4-тармағында көрсетілген аумақтар бойынша бастапқы геологиялық

ақпаратты уақытша пайдалануға берсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады