Саха (Якутия) Республикасында сел тасқынынан болған табиғи зілзаланың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саха (Якутия) Республикасына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан 50 (елу) мың АҚШ долларына бара-бар сомада ақша
қаражаты бөлініп көмек көрсетілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көрсетілген қаражатты
айырбасталымды етсін және оларды Саха (Якутия) Республикасы Қаржы
министрлігінің валюта шотына аударсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі