Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Грузияның Бiлiм министрлiгi арасындағы бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 890


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1997 жылғы 1 қарашада Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi
мен Грузияның Бiлiм министрлiгi арасындағы бiлiм саласындағы
ынтымақтастық туралы Келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

    Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
     министрлiгi мен Грузия Бiлiм министрлiгi арасындағы бiлiм
                  саласындағы ынтымақтастық туралы
                              КЕЛIСIМ



      Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Грузия Бiлiм министрлiгi, бұдан былай "Тараптар" деп аталып,
      екi ел мемлекетi арасындағы Келiсiмге сәйкес және бiлiм саласындағы әдеттi тығыз және жемiстi байланыстарды ескере отырып;
      әр елдiң оқыту жүйесiндегi еркiндiк пен бiртұтастықты теңдiк принципiнде сақтай отыра өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi нығайту және дамытуға тырыса отырып;
      бiлiм саясатындағы өзара қарым қатынаста жалпыадамзаттық құндылықтардың үстемдiгiн, адам құқысының Жалпы декларациясы принципiн, бала құқысы туралы Конвенциясының үстемдiгiн сөзсiз мойындап және оны ары қарай iс жүзiне асыруда;
      бiлiм саласындағы ғылыми тұрғыға, зиялылыққа, iзгiлiк пен демократияға маңызды мағына бере отырып, екi елде тұратын халықтардың азаматтығы мен этникалық шығу тегiне қарамастан мәдени және оқыту сұраныстарын қанағаттандыруға байланысты,

                        төмендегiдей келiстi:

                               1-шi Бап

      Тараптар өз аймағындағы дәрiс беру институттарының дербестiгiне қарай бiлiм және ғылым саласындағы ынтымақтастықта тәжiрибемен және ақпараттармен алмасуға ықпал жасайды.

                               2-шi Бап

      Тараптар екi ел ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары

мектептер арасындағы тiкелей жасалған келiсiмдердi қолдайды. Осы
аталған институттар мен жоғары мектептер арасындағы нақты бағыттар
мен ынтымақтастық тақырыптары, алмасу мен олардың қаржы мәселелерi
арнайы келiсiмдер арқылы анықталынады.

                              3-шi Бап

     Тараптар өзара келiсiм бойынша студенттермен, аспиранттармен
және мамандармен алмасуға ықпал етедi. Осы алмасудың үлесi, қаржы
жағы және өтiнiш беру мәселелерi жыл сайын екi жақтың келiсуi арқылы
шешiледi.

                              4-шi Бап

     Тараптар құрылымға байланысты ғылыми ақпараттармен, олардың
оқыту жүйесiн ұйымдастыру мен қалыптастыру, оқу жоспарлары мен
бағдарламалармен, оқу құралдары мен оқулықтармен және техникалық
құралдармен алмасуға ықпал етедi.

                              5-шi Бап

     Тараптар екi жақ оқушыларының олимпиадаларға, байқауларға,
фестивальдарға, бiрiккен экологиялық, туристiк, спорттық және басқа
да байқауларға қатысуға күш салады.

                              6-шы Бап



      Тараптар бiлiм саласын жетiлдiру және дамыту, ақпараттармен

және тәжiрибемен алмасуда, соның iшiнде бiрiккен семинарлар өткiзудi
ұйымдастыруда өзара делегациялармен және сарапшылармен нақты
мәселелердi жүзеге асырады.

                              7-шi Бап

     Тараптар екi мемлекетте осы Келiсiмге қол қойған күнге дейiн
және күшiне енген күннен кейiн бiлiм ұйымдары 1992 жылдың 1-шi
қаңтарынан бастап берген орта және кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта
және жоғары бiлiм туралы құжаттарын өзара танудағы механизмдерiн
келiседi.

                              8-шi Бап

     Әр Тарап екiншi Тараптың тiлiн, мәдениетiн және әдебиетiн
оқып-үйренудi одан әрi дамытады және ұлғайтады. Бұл оқып-үйрену екi
Тараптың өзара келiсiмiнде ыңғайлы түрде жүргiзiледi.

                              9-шы Бап

     Тараптар оқулықтар мен энциклопедияларда ақиқат негiзiнде
көрсетiлген тарих, география, саяси даму құжаттарымен алмасады.

                             10-шы Бап

     Тараптар кәсiби емес спорт саласында, тренинг төңiрегiнде,
жаттықтырушылармен алмасуда, жарыстар мен турнирлер ұйымдастыруға,
соның iшiнде балалар және өспiрiмдер жарыстарын өткiзуге күш салады.

                             11-шi Бап

     Тараптар екi елдiң жастар және спорт ұйымдары арасындағы
ынтымақтастықты одан әрі дамытады.

                             12-шi Бап

     Осы Келiсiмдi жүзеге асыруға байланысты кететiн шығыстарды
Тараптар келесi түрде жүзеге асырады:


      - Жiберушi Тарап бағдарламаға сәйкес және Келiсiмнiң баптарына байланысты жiберiлетiндердiң қарсы Тараптың астанасына дейiн және қайта келу жол қаражатын өтейдi;
      - Қабылдаушы Тарап жiберiлгендердiң ел iшiндегi жол қаражатын,

жатақханасына, шәкiртақысына, оқуына, дәрiгерлiк жәрдемге кететiн
шығыстарды өз мойнына алады;
     - студенттер және оқытушылармен алмасу жүйесi нақты
Хаттамалармен келiсiледi.

                             13-шi Бап

     Тараптар қажеттiлiкке қарай немесе қарсы Тараптың өтiнiшi
бойынша аралас комиссия ретiнде осы Келiсiмнiң орындалуын немесе
өзгерiстер енгiзу жайлы мәселелердi шешуге кезекпен жиналып отырады.

                             14-шi Бап

     Өзара келiсу арқылы Тараптар осы Келiсiмге өзгертулер,
қосымшалар және ұсыныстарды арнайы Хаттамалар арқылы енгiзiп отырады.

                             15-шi Бап



      Тараптар осы Келiсiмдi жүзеге асыру кезiнде туындайтын барлық пiкiрталастарды және пiкiралшақтықтарды жеке Хаттамалар жасау арқылы шешедi.

                              16-шы Бап

      Осы Келiсiмнiң күшiне енуi әр Тараптан iшкi мемлекеттiк келiсушiлiк жұмыстары жүзеге асырылғаны туралы жазбаша хабарлама түскеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Келiсiм бес жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптардың бiреуi Келiсiмнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай бұрын күшiн жою туралы жазбаша түрде келесi Тарапқа ескертпесе, онда осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi жедел түрде келесi бес жылға ұзартылады.

     Осы Келiсiм 1997 жылы 11 қарашада Алматы қаласында екi дана
болып, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде жасалды,
сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы болған
жағдайда орыс тiлiндегi мәтiнге артықшылық берiледi.

        Қазақстан Республикасы                       Грузия
     Бiлiм, Мәдениет және денсаулық             Бiлiм министрлiгi
        сақтау министрлiгi үшiн                       үшiн
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады