Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 16 қыркүйек N 911. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1998.09.21. N 929 қаулысымен. ~P980929

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 қыркүйектегі N 1295 P951295_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 31, 393-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қоры туралы ереженің "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорын басқару" деген 5-тарауында:
      мынадай мазмұндағы үшінші азатжолмен толықтырылсын:
      "Қор дирекциясының қызметін жалпы үйлестіру мен оған басшылық жасауды Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті жүзеге асырады.";
      он бірінші азатжолдағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын" деген сөздермен "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі тағайындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 сәуірдегі N 384 P980384_ қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті туралы ережеде:
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
      "Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және

денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қоры 
Дирекциясының қызметін жалпы үйлестіруді және оған басшылық жасауды жүзеге 
асырады."; 
     3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық 
сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджеті туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 713 қаулысында:
     атауы мен мәтініндегі "Үкіметінің жанындағы"  деген сөздер "Білім, 
мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің" деген сөздермен 
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады