Атауы мен мәтiнi өзгердi - ҚР Үкіметінiң 1998.08.04. N 737 қаулысымен .
"Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 15 маусымдағы N 2329
Жарлығын
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық министрлiгi Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры құрылсын.<*>
2. Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қызметiн жергiлiктi атқарушы органдармен, медициналық ұйымдармен және сақтандырылған азаматтарға медициналық қызмет көрсету жөнiндегi медициналық қызметпен айналысатын тұлғалармен үйлестiру жөнiндегi өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрi жүзеге асырады деп белгiленсiн.<*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-тармақпен толықтырылды, 2-7-тармақтар тиiсiнше 3-8-тармақтар болып саналды - ҚР Үкіметінiң 1998.10.12.
N 1556
қаулысымен
.
3. Осыған қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық министрлiгi Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры туралы Ереже, Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы бекiтiлсiн.<*>
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылғы нақтыланған бюджетте денсаулық сақтауға арналып көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық министрлiгi Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына 10,0 (он) млн. теңге сомасындағы жарна белгiленсiн, ол кейiннен 1996 жылдың республикалық бюджетiн орындау барысында аталған Қорға сақтандыру төлемдерiн аудару кезiңде есепке алынсын.<*>
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне осындай тәртiппен 1995 жылы Қордың тиiстi бөлiмшелерiне жарналар жинау ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастырған кезде әлеуметтiк сақтандырудың мiндеттi түрлерiне (Зейнетақы қоры Әлеуметтiк сақтандыру қоры және Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры) жұмсалатын қаражатты қайта бөлу жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, енгiзетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп сыртқы көздерден қарыз алудың есебiнен Қор мен оның бөлiмшелерiн жарақтандыруға 1996 жылға қаражат бөлiнуiн қарастырсын.
7. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет Қормен және оның бөлiмшелерiмен бiрлесе отырып, мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн ұйымдастыру мен оның қызметiне байланысты мәселелердi шешетiн болсын.<*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 1998.08.04. N 737
қаулысымен
.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi екi ай мерзiмде Қор мен оның бөлiмшелерi үшiн қызметтiк үй-жайдың бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 29 қыркүйектегi
N 1295 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) Мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру төлемдерiн шоғырландыруға және сақтандыру төлемдерiн өтеуге арналған мемлекеттiк қаржы ұйымы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры облыстық және Алматы қалалық бөлiмшелерiн (бұдан әрi - бөлiмшелер) құрады, олар өз қызметiн осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры заңды тұлға болып табылады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Қор туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қордың орналасқан жерi - Қазақстан Республикасының астанасы.
Қор бөлiмшелерiнiң орналасқан жерi - облыс орталықтары мен Алматы қаласы.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының мiндеттерi
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының негiзгi мiндеттерi:
мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнде сақтандырылған азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтарын қамтамасыз ету;
мiндеттi медициналық сақтандыру саласында мемлекеттiк қаржы саясатын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнде қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сақтандырылған азаматтарға берiлетiн медициналық көмектiң көлемi мен сапасын теңестiру үшiн жағдай жасау жөнiнде шаралар қолдану мен жүзеге асыру болып табылады.
Қордың материалдық-техникалық базасын нығайту және әлеуметтiк бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды қаржыландыру.<*>
Ескерту. 2-бөлiм жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.28. N 369
қаулысымен
.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының функциясы
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры:
қаржы қаражатын шоғырландырады, осы Ережеде көзделген мiндеттердi орындау жөнiндегi қаржы қызметiн жүзеге асырады;
мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетудiң жағдайларын теңестiру мақсатында Қордың тиiстi аумақтардағы бөлiмшелерiн демеудi жүзеге асырады;
мiндеттi медициналық сақтандыру бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру жөнiндегi шараларды қаржыландыруға қатысады;
мiндеттi медициналық сақтандыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеудi ұйымдастырады және оны бекiтедi;
мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын әзiрлеуге қатысады;
мiндеттi медициналық сақтандыруға арналған сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi туралы ұсынысты белгiленген тәртiппен енгiзедi;
мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнiң қаржы ресурстары туралы ақпарат жинаудың және таңдауды жүзеге асырады;
мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесi үшiн мамандарды кәсiби даярлауды ұйымдастыруды;
Қор бөлiмшелерiнiң қаржы қаражатын ұтымды пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
Қорды ұстауға арналған қаражаттың нысаналы түрде пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiне ақпарат түсiредi;<*>
мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi шығындарды өтеуге бағытталған Қор қаражатының нысаналы түрде пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Денсаулық сақтау министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетiне ақпарат түсiредi;<*>
мемлекеттiк сақтандыру проблемалары жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
мiндеттi медициналық сақтандыру мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да шараларды жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N 1031
қаулысымен
.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қаражаты
Қордың қаржы қаражаты медициналық сақтандырудың мемлекеттiк жүйесiнiң меншiгiнде болады, бюджеттiң, басқа қорлардың құрамына кiрмейдi және алып қоюға жатпайды.
Қор қаражаты:
жұмыс берушiлердiң мiндеттi медициналық сақтандыруға арналған сақтандыру төлемдерiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшердегi бөлiгi;
Қордың қаржы қаражатының нормаланған сақтандыру қоры;
Бiр тұрғынға есептелген қаржыландыру шығындарының үлестiк салмағына сәйкес жұмыс iстемейтiн халық үшiн бюджеттiң қаржысы;<*>
Қордың уақытша еркiн қаржы қаражатын пайдаланудан түскен табыс;
заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен сыйсияпаттары;
Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер есебiнен құралады.
Қордың уақытша еркiн қаржы қаражаты "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес пайдаланылады.
Қордың уақытша еркiн қаржы қаражатын пайдаланудан түскен табыс оның мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын шараларды ғана қаржыландыруға пайдаланыла алады.
Қордың аппаратын, оның материалдық-техникалық базасын ұстауға арналған шығын Қордың тиiстi қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мөлшерде жүргiзiледi.
Қордың есептi жылда пайдаланылмаған қаражаты алып қоюға жатпайды және келесi жылға қаражат бекiткен кезде еске алынбайды.
Ескерту. 4-бөлiм жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң
1996.03.28. N 369
қаулысымен
.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын басқару
Қорды басқару органы оның Дирекциясы болып табылады.
Қор Дирекциясы өзiне жүктелген мiндеттердi қызметi халықтың денсаулығын қорғау проблемаларына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметiмен, министрлiктермен, ведомстволармен және республиканың басқа да ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып шешедi.
Қор дирекциясының қызметiн жалпы үйлестiру мен оған басшылық жасауды Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi жүзеге асырады.<*>
Қор Дирекциясы:
мiндеттi медициналық сақтандырудың республикалық бағдарламасында көзделген шығындардың уақытылы әрi толық қаржыландырылуы үшiн бүкiл жауапкершiлiктi мойнына алады;
Қордың перспективалық және кезектi мiндеттерiн айқындайды;
Қор қызметiнiң нәтижесi туралы жылдық есептi бекiтедi;
Қордың табысын, қаржы қаражатының нормаланған сақтандыру қорын пайдаланудың бағыттарын және шығынның орнын толтырудың тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне жұмыс берушiлердiң Қорға сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
жергiлiктi әкiмдермен және өзiнiң медициналық қызметi бар ведомстволармен келiсе отырып, Қор бөлiмшелерi туралы Ереженi, сондай-ақ Қордың қызметiне қатысты мәселелер жөнiнде қажеттi ережелер мен нұсқаулықтарды өз құзыры шегiнде әзiрлейдi әрi бекiтедi;
Қордың құзырына жататын мәселелер жөнiнде ұйымдарымен белгiленген тәртiппен ынтымақтасады әрi шетелдiк және халықаралық мемлекеттiк, қоғамдық ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты Қордың атынан сөйлейдi.
Дирекцияны Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрi тағайындайтын Қордың бас директоры басқарады және қалыптастырады.<*>
Қордың Бас директоры:
оның мүддесiн бiлдiредi;
Қор мүлкiнiң қозғалысына билiк жүргiзедi;
облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiнiң ұсынуымен Қор бөлiмшелерiнiң директорларын тағайындайды;
Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша уақытша комитеттердi және басқа құрылымдарды құрады;
шарттар, соның iшiнде еңбек шарттарын жасайды;
банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады;
Қор қаражатына өкiмдiк ету құқын пайдаланады, штат кестесi мен шығын сметасын бекiтедi, орындау үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады әрi нұсқаулар бередi, қызметкерлер арасындағы мiндеттердi бөледi;
Қор мен оның бөлiмшелерi орындау үшiн мiндеттi нормативтiк актiлердi бекiтедi;
басқару жөнiндегi әкiмшiлiк-өкiмдiк қызметтi жүзеге асырады;
есеп жүргiзудi және есеп берудi белгiленген тәртiппен ұйымдастырады;
азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк басқару органдарының Қордың мүддесiн қозғайтын құқыққа жат әрекеттерiне заңда белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасайды.
ЕСКЕРТУ. 5-тарау өзгердi - ҚР Үкіметінiң 1998.09.21. N 929
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 29 қыркүйектегi
N 1295 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
1. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы - бұл мiндеттi медициналық сақтандырудың жүйесiндегi барлық сақтандырылған адамдарға ұсынылатын медициналық қызметтiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы бiртұтас жүйесi.
Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы қолда бар қаржы ресурстарына сәйкес облыстар (Алматы қаласы) деңгейiнде кеңейтiлуi мүмкiн.
2. Базалық бағдарламаның орындалуын медициналық ұйымдар мен жеке медициналық практикамен шұғылданатын адамдар мiндеттi сақтандыру шартының негiзiнде жүзеге асырады.
3. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына кiрмейтiн медициналық қызмет көрсетулер басқа көздерден қаржыландырылады.
4. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына шығыны жөнiнде теңдестiрiлген деп есептелетiн және жоғары тиiмдiлiгiне қоса құны төмен келетiн медициналық қызмет көрсетулер енедi.
II. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық
бағдарламасы беретiн кепiлдiктер
5. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы сақтандырылғандарға қажеттi көлемдегi және тиiстi сападағы медициналық көмектi сақтандырылғандар тарапынан қосымша шығындалусыз бередi.
III. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық
бағдарламасы шеңберiнде берiлетiн медициналық
қызмет көрсету көлемi
6. <*>
7. <*>
8. <*>.
9. <*>
10. <*>
11. <*>
Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.03.28. N 369
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. 7-11-тармақтардың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.04.07. N 493
қаулысымен
.
12. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бюджетiмен бiр уақытта Базалық бағдарлама бойынша медициналық қызмет көрсетудiң тiзбесiн бекiтедi.<*>
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1997.04.07.
N 493
қаулысымен
.
IV. Мiндеттi медициналық сақтандырудың
аумақтық базалық бағдарламасы
13.<*>
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ алынып тасталған - ҚР Үкіметінiң 1997.04.07.
N 493
қаулысымен
.
V. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық және
аумақтық бағдарламалары шеңберiнде медициналық
қызмет көрсетудiң сапасын қамтамасыз ету
14. Медициналық қызмет көрсетудi ұсынудың сапасына, көлемi мен мерзiмiне бақылау жасауды Мiндеттi медициналық сақтандыру қорымен оның бөлiмшелерi (шарт талаптарына сәйкес), сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының тиiстi органдары жүзеге асырады.
15. Аумақтық базалық бағдарламаларының сапасын бағалау үшiн Қор медициналық көмек көрсетуге және Қор бөлiмшелерiнiң қаржы-қаражатын нысаналы түрде пайдалану жөнiндегi шарттарын тексеруi әрi тиiстi басқарушылық шешiмiн қабылдауы мүмкiн.
16. Көрсетiлетiн қызметтiң сапасына кепiлдiк беру үшiн Қор бөлiмшелерiнiң контрактi бойынша контрактiнi тоқтатуы және кез келген қанағаттанғысыз қызмет көрсетулер үшiн төлемнен бас тартуы мүмкiн.