Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 23 қыркүйектегi N 934. Қаулының күші жойылды - 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 16, 136-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      (1-3) <*> 
      ЕСКЕРТУ. 1-3-тармақтардың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.02.25. N 173  қаулысымен .
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдары үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарының қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң лимитiн қысқартудың есебiнен 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын ұстау үшiн қаржыландыруды республикалық бюджет қаражатының есебiнен заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Оңтүстiк Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын орналастыру үшiн бiр ай мерзiмде үй-жай бөлсiн. 
      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 391а қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 
      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады