Жылумен жабдықтау жөнiндегi жағдайды тұрақтандыру және шағын және орташа қалаларды 1998-1999 жылдың күзгi-қысқы кезеңiне дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Степногор жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру және оны 1998-1999 жылдың күзгi-қысқы жағдайларындағы тұрақты жұмыс iстеуге дайындау үшiн Ақмола облысының әкiмiне 125500 мың (жүз жиырма бес миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi