Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қыркүйек N 970

      "Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күші бар Жарлығының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамына:
      1) Қызылорда облысының аумағында орналасқан Иіркөл, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Семізбай, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Заречное кен орындарында уран өндіруге;
      2) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Дубравское кен орнында апатиттерді барлауға лицензиялар берілсін.
      2. "Финконкорд" акционерлік қоғамына:
      1) Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан Юбилейно- Снегерихинское және Анисимов Ключ кен орындарында полиметалл кенін өндіруге;
      2) Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан Қаражал кен орнында флюорит өндіруге лицензиялар берілсін.
      3. "Алел" қаржы-инвестициялық корпорациясының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 16 ақпандағы N 8-01-7/7 шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан Суздаль алтын кені кен орнын барлау мен өндіруді жүзеге асыруға арналған 1995 жылғы 13 наурыздағы сериясы МГ N 35а лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы қалпына келтірілсін.
      4. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады