Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 1 қазандағы N 984

      Солтүстiк Қазақстан облысының Көкшетау қаласын 1998/99 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiне дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебiнен Солтүстiк Қазақстан облысы Көкшетау қаласының әкiмiне Көкшетау қаласының жаңадан iске қосылып отырған N 2 аудандық қазандығы үшiн отын сатып алуға 50 000 000(елу миллион) тенге бөлiнсiн.
      2. Солтүстiк Қазақстан облысы Көкшетау қаласының әкiмiне отынды қазақстандық тауар өндiрушiлерден сатып алу ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады