Ақтөбе облысын газбен жабдықтау және оны 1998/99 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау жөніндегі тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының өкіміне төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыруға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан облыстың бюджеттік ұйымдары үшін дербес жылыту жүйелерін сатып алуға және орнатуға қайтарымды негізде 80 (сексен) млн. теңге бөлінсін. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.02.09. N 105 қаулысымен .
2. Ақтөбе облысының әкімі 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда аталған соманың қайтарылуын қамтамасыз етсін. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.02.09. N 105 қаулысымен .
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі