Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры үйінің ерекше бірегейлігін, оны қайта жаңартудың, қайта қалпына келтіру мен жаңғыртудың маңыздылығын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және
балет театры үйін қайта жаңарту, қалпына келтіру мен жаңғырту үшін Алматы
қаласының әкіміне қажетті жұмыстардың тапсырысшысы құқығы мен міндеттерін
жүктеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі