Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қазандағы N 1362 қаулысының күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қазандағы
N 1362 қаулысының күші жойылған деп тану туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Заң күші бар Жарлығының 139-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) Қазақстан Республикасында салық төлеушілерге бірыңғай код беруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Салық төлеушілерді сыныптау және оларға код беру жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қазандағы N 1362 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 41, 473-құжат) күші жойылған деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті