Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 124 қаулысына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 20 қазандағы N 1066

      "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Маңғыстау облысының әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 124 P970124_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы

 

Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi, Қаржы министрлiгi "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк

қоғамымен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде аяқталмаған құрылыс

объектiлерiн пайдалану жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасы

                                                Үкiметiнiң

                                         1998 жылғы 20 қазандағы

                                             N 1066 қаулысына

                                                қосымша


            Қазақстан  Республикасының күшi жойылған деп

                    танылған кейбiр шешiмдерiнiң

                              ТIЗБЕСI



 
       1. "Маңғышлақ мұнай өңдеу заводының құрылысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 14 ақпандағы N 110 қаулысы.
      2. "Маңғыстау мұнай өңдеу заводы құрылысының қосымша шаралары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 14 қазандағы N 605 қаулысы.
      3. "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорны туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 339 қаулысы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады