Маңғыстау облысының әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 124

      Аймақтың өзiндiк ерекшелiгiн, оның энергетикалық оқшаулығын, суды қолдан тұщытып, пайдалануын, Маңғыстау энергия комбинатының ядролық қауiпсiздiгiн сақтау қажеттiлiгiн ескере отырып және облыстың экономикалық жағдайын тұрақтандыру, республика экономикасы үшiн маңызды өндiрiстердi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде 1998 жылы Ақтау облысының Ақтау қаласының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қарап, аймақ шекарасын көрсете отырып, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.24. N 1170
               қаулысымен. P971170_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.10.20. N 1066
               қаулысымен. P981066_

      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Ақтау қаласындағы энергия комбинатында дистиллят пен ауыз суды өндiрудi қалпына келтiру" жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметi Төралқасының 1996 жылғы 28 тамыздағы N 22 шешiмiмен бекiтiлген бюджет қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдары мен донор елдерден қарыз алу есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған экономиканың мемлекеттiк секторының кәсiпорындары мен ұйымдары бойынша басым инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың тiзбесiне енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет "Ақтау қаласындағы энергия комбинатында дистиллят пен ауыз су өндiрудi қалпына келтiру" жобасын iске асыру үшiн кепiл бөлу мүмкiндiгi туралы ұсыныс енгiзсiн.
      5. Маңғыстау облысының әкiмi:
      екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне "Ақтау қаласындағы энергия комбинатында дистиллят пен ауыз су өндiрудi қалпына келтiру" жобасын басым инвестициялық бағдарламалар тiзбесiне енгiзу үшiн материалдар ұсынсын;
      кәсiпорындардың энергия ресурстары үшiн "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорны алдындағы, ал соңғысының "Ақтаутрансгаз" акционерлiк қоғамының алдындағы берешегiн өтеудi қамтамасыз етсiн.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады