"Қазақстан Республикасы Президентінің" Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жоба
"Қазақстан Республикасы Президентінің" Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық
заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттері, 1998 ж. 12-мамыр) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 9 баптың 1 тармағының 1) тармақшасы, 52 бап, 53 баптың 2 тармағы,
63 баптың 3 тармағы, 67 бап алып тасталсын. 2. 51 баптағы "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 130 баптың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған, Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы Жарлықтың талаптарына сәйкес мәслихаттардың депутаттарының бірінші сайлауы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде 1999 жыл ішінде өткізіледі". Қазақстан Республикасының Президенті