Мемлекет мүддесін қорғау және Париж қаласының Апелляциялық Сотына Париж Сауда Сотының МТР Металз, Табани және Металз Руссия компанияларының талап қоюлары бойынша қабылдаған шешіміне дер кезінде аппеляциялық шағым беру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен адвокат Антуан Биденің арасында қол қойылған 1997 жылғы 6 қазандағы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі резерв қорының 1998 жылға арналған қаражатының есебінен:
адвокат Антуан Биденің шығыстары мен қаламақысына 12 473, 66 (он екі мың төрт жүз жетпіс үш АҚШ доллары алпыс алты центке) АҚШ долларына баламды сомада ақы, сондай-ақ алдағы уақыттағы шығыстары мен қаламақысына 120 000 (бір жүз жиырма мың) француз франкіне баламды сомада аванс төлесін;
Париж қаласының Аппелляциялық Сотының сенім білдірілген сот өкілі Мэтр Шанталь Боден-Казалистің алдағы уақыттағы шығыстары мен қаламақыларының есебіне 80 000 (сексен мың) француз франкіне баламды сомада аванс төлесін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы қаулының 1-
тармағының негізінде бөлінетін қаражаттың жұмсалуы жөнінде белгіленген
тәртіппен есеп берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі