Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне салынатын айыппұлдар мен өсімақыларының мерзімдерін ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 22 қазан N 1076

      Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер бойынша берешегі салық органдары тізімдеген және "Астықты сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖҮАҚ сатып алатын астық пен астық өнімдері есебінен өтелген және "Ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 ақпандағы N 139 P980139_ қаулысына сәйкес мерзімі ұзартылған, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне осы сатудың есебінен жабылмаған, бұрын есептелген айыппұлдар мен өсімақылар жөніндегі кейінге қалдырылған мерзімдер 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылсын. Негізгі борыш ішінара өтелген жағдайда, айыппұлдар мен өсімақылар жөніндегі кейінге қалдырылған мерзімдер өтелген негізгі борышқа бара-бар мөлшерде ұзартылады.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші бар Жарлығының 152-бабына сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне айыппұлдар мен өсімақылар бойынша мерзімдерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілейтін тәртіппен 1999 жылғы 15 желтоқсанға дейін кейінге қалдыруға рұқсат беріледі.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С. Кәрібжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады