Сырдария өзенiнде "Көксарай" қарсы реттеушi су қоймасының құрылысын салу жөнiндегi жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiне 500 (бес жүз) мың АҚШ долларына сәйкес теңгелiк баламда қаржы қаражатын бөлсiн.
2. Бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi