"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 27 қазан N 1090

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы

Мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



                                                    Жоба


                     Қазақстан Республикасының Заңы


             Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі

          арасындағы Мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық

                     туралы шартты бекіту туралы


     1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Мұнайгаз өнеркәсібі

саласындағы ынтымақтастық туралы шарт бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті



           Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі

                арасындағы Мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы

                        ынтымақтастық туралы

                               ШАРТ


     Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Грузия Үкіметі,

     тату көршілік қарым-қатынастарды бұдан әрі дамытуға және нығайтуға

ынталана отырып,

     екі жақты өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тілек

білдіре отырып,


 
       Уағдаласушы Тараптар мемлекеттері экономикасының тиімді жұмыс істеу және өзара іс-қимылының негізін салушы факторы ретінде екі мемлекеттегі мұнайгаз өнеркәсібінің дамуына ерекше маңыз бере отырып және бұл саланың Орталық Азия және Кавказ аймақтарын дамыту үшін ерекше рөлі мен орнын түсіне отырып,
      Уағдаласушы Тараптардың көмірсутегі қорларын тиімді пайдалану және запастарын нығайтуда барлау жасау, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау облысында, сондай-ақ көмір сутектерінің және олардан қайта өңдеген өнімдерді сатуда ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауда екі жақтың мүддесін ескере отырып,
      Қазақстан Республикасының халықаралық рынокқа өз көмірсутегі қорларын тасымалдаудың сенімді және тиімді жолдарын дамытуға ұмтылысын ескере отырып,
      Грузияның оның аумағында Қазақстан Республикасынан көмірсутегі шикізатын тасымалдау үшін көлік арнасын құру туралы ұсынысын назарға ала отырып,
      ішкі және халықаралық рынокқа екі мемлекет аумақтары арқылы көмірсутегі шикізатын транзиттеу үшін қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесе отырып және 1994 жылғы 17-желтоқсандағы Энергетикалық Хартияға Шарттың ережелерін ескере отырып,
      төмендегілер жайында уағдаласты:
 
                              1-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар өзара тиімді негізде іс-қимыл жасай отырып, мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы және оның инфрақұрылымына ықпал ететін салалардағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытатын болады.
 
                              2-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерінің аумақтарында мұнайгаз өнеркәсібінің әр түрлі секторларында Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің реттелетін заңдарының нысанына және процедураларына сәйкес өзара тиімді бірлескен қызметін жүзеге асыруда Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық субъектілеріне қажетті жәрдеммен қамтамасыз етеді.
 
                              3-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар екі мемлекет Тараптарының заңдарына қайшы келмейтін келісім-шарттар негізінде басым мағынасы бар барлау, жасау, өндіру, қайта өңдеу, көмір сутегін және ықпалды инфроқұрылымды тасымалдау және сатуда Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі және Грузияның Жылу және энергетика министрлігі жобаларындағы өкілдеген мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың қызметіне жәрдемдесетін болады.
 
                              4-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерінің аумақтары арқылы Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында өндірілген немесе оларға сондай-ақ үшінші елдерге жататын көмірсутектері, олардан өңделген өнімдер және олардың тауарларды өндіруге байланысты қажеттіліктерді транзит, тасымалдау, жинақтау, сақтау, тиеу, қабылдап өткізу және өзге жұмыстары үшін өз мемлекеттерінің аумағында қолайлы жағдай жасайды.
      Уағдаласушы Тараптар олардың аумақтары арқылы өтететін көлік арнасын тұрақты, қауіпсіз, тиімді жұмысы үшін заңды және экономикалық база жасауға қажетті шараларды қабылдайды.
      Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың мақсатынан туындайтын бір-бірінің мүддесіне зиянын келтіруге әсер ететін қайсыбір іс-қимылдарды қолданбайтын болады.
 
                              5-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар көмірсутегі олардан өңделген заттарды тасымалдау үшін транзиттік, көлік және құбыр жүйелерін жедел басқарудағы (оның ішінде телекоммуникациялық) келісілген сызбаларын құру және дамытуға жәрдемдесетін болады.
 
                              6-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар мұнайгаз өнеркәсібі объектілерінде және ықпалды инфрақұрылымда табиғат зілзалаларын, аварияларды, басқа төтенше жағдайларды ескерту үшін бір-біріне қажетті көмек көрсететін болады, сондай-ақ айналадағы қоршаған ортаны қорғау объектілердегі адамдардың

 

өмірі мен денсаулығын қорғау және/немесе бірлескен мүдде жобаларында

тиісті қауіпсіздік бағдарламасын даярлау және жүзеге асыру жөнінде қажетті

шаралар қабылдайды.


                             7-бап


     Уағдаласушы Тараптар мұнайгаз өнеркәсібіндегі, сондай-ақ ғылыми-

техникалық ынтымақтастық және мамандарды оқыту мәселелері бойынша өзара

тиімді байланыстарды бұдан әрі дамыту мақсатында үнемі консультациялар

өткізіп тұрады.


                             8-бап


     Уағдаласушы Тараптар өзара келісім арқылы осы Шартқа қажетті

толықтырулар мен өзгертулер енгізе алады.


                             9-бап



 
       Уағдаласушы Тараптар осы Шартты қолдануда және/немесе түсіндіруде туындаған даулар мен пікір алшақтықтарын шешу үшін келіссөздер мен консультациялар жүргізетін болады. Осы тұста жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен ережелерді, сондай-ақ 1994 жылғы 17-желтоқсандағы Энергетикалық Хартияға Шарттың тиісті ережелерін басшылыққа алады.
 
                              10-бап
 
      Осы Шарт соңғысының Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындайтыны жайлы жазбаша хабарлаған күннен бастап күшіне енеді және Уағдаласушы Тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тарапқа өзінің Шарттың қолданысын тоқтататыны туралы

 

ниетін жазбаша нысанда хабарлаған күннен бастап алты ай ішінде күшінде

болады.



     Алматы қаласында, 1997 жылғы 11 қарашада екі түпнұсқа данада,

әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық

мәтіннің бірдей заңды күші бар.

     Осы Шарттың ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін

пайдаланылады.


     Қазақстан Республикасының                  Грузияның

          Үкіметі Үшін                        Үкіметі үшін






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады