Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша алдағы және мерзімі өткен төлемдерді өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 28 қазан N 1094

      Қазақстан Республикасының шетел несие берушілері алдындағы міндеттемелерін орындау және дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар бұрын берілген мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) 1993 жылғы 25 мамырдағы N 26-15/144, 1993 жылғы 25 мамырдағы N 26- 15/145, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000002 және N 0000001, 1996 жылғы 11 наурыздағы N 0000012, 1995 жылғы 3 сәуірдегі N Ф 22-3/5 берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiне сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді (1,2-қосымшаларға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгі бағам айырмасының өзгеруін есепке ала отырып, 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау" бөлімі бойынша көзделген қаражат шегінде төлейтін болсын;
      2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсін.
      3) "Қазақстан Эксимбанкі" акционерлік қоғамының алынған қаражаттың республикалық бюджетте қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауын қамтамасыз етсін.
      4) "Қазақстан Эксимбанкі" акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, қаржылық міндеттемелерін республикалық бюджет есебінен орындаған заемшыларға қатысты қолданылған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерін орындамаған тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын.
      3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

           Премьер-Министрі



                                               Қазақстан Республикасы



                                               Үкіметінің 1998 жылғы

                                                   28 қазандағы

                                                  N 1094 қаулысына

                                                     1-қосымша



 
 
          Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік

 

          емес сыртқы заемдарды өтеу бойынша мерзімі өткен төлемдердің

                                  СОМАСЫ

__________________________________________________________________________

|  Заемшы           | Төлем  | Төлем  |Төлем |Негізгі|Проценттер|Басқалары

|   ұйым            |валютасы| уақыты |сомасы|борыш  |          |        

____________________|________|________|______|_______|_________ |_________

|                      Германия несие желісі                              

|__________________________________________________________________________

|"Екібастұзкөмір"МАҚ |  DM    |30.06.98|411052.71|  0.00|411 052.71 |  0.00

|____________________|________|________|_________|______|_________  |_____

|____________________|________|________|_________|______|__________ |_____

|Барлығы             |  DM    |        |411052.71|    0.00|411 052.71|    

|____________________|________|________|_________|________|__________|_____

|____________________|________|________|_________|________|__________|_____

|____________________|________|________|_________|________|__________|_____





                                               Қазақстан Республикасы



                                               Үкіметінің 1998 жылғы

                                                   28 қазандағы

                                                 N 1094 қаулысына

                                                   2-қосымша



 
 
            Қазақстан Республикасы мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес

 

                      сыртқы заемдар бойынша алдағы төлемдердің

                                   СОМАСЫ


__________________________________________________________________________

|  Заемшы         | Төлем  | Төлем  |Төлем  |Негізгі |Проценттер |Басқалары

|   ұйым          |валютасы| уақыты |сомасы |борыш   |           |        

|_________________|________|________|_______|________|___________|_________

|                     Германия несие желісі                               

|__________________________________________________________________________

|"Ауылшармаш" АҚ  |  DM    |01.10.98|734107.36 |675818.05|58 289.31|  0.00

|_________________|________|________|__________|_________|_________|_______

|"Ауылшармаш" АҚ  |  DM    |01.10.98|484812.93 |446318.00|38 494.93|  0.00

|_________________|________|________|__________|_________|_________|_______

|"Екібастұзкөмір"МАҚ|  DM  |01.10.98|944086.50 |767550.00|176 536.50| 0.00

|___________________|______|________|__________|_________|__________|______

|                        Чехия несие желісі                               

|__________________________________________________________________________

|"Конденсат" АБК   |USD|30.09.98|1 914555.56 |1 666 666.67|247 888.89 |0.00

|__________________|___|________|____________|____________|___________|____

|                       Жапония несие желісі                              

|__________________________________________________________________________

|"Карметкомбинат"| JPY |03.11.98|329040997.00|285313185.00|43727812.00|0.00

| МАҚ            |     |        |            |            |           |

|________________|_____|________|____________|____________|___________|____

|__________________________________________________________________________

|Барлығы         | DM  |        |2 163 006.79|1 889 686.05|273 320.74 |0.00

|________________|_____|________|____________|____________|___________|____

|                | USD |        |1 914 555.56|1 666 666.67|247 888.89 |0.00

|________________|_____|________|____________|____________|___________|____

|                | JPY |        |329040997.00|285313185.00|43727812.00|0.00

|________________|_____|________|____________|____________|___________|____

_________________|_____|________|____________|____________|___________|____









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады