Қазақстан Республикасының Үкіметінің резерв қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан N 1103

       Тұрғын үйде болған газ жарылысының зардаптарын жою және зиян шеккендерге материалдық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға арналған резерв қорынан Қарағанды облысының әкіміне 1998 жылғы 29 қыркүйекте Қарағанды облысының Саран қаласындағы тұрғын үйде болған газ жарылысының зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге және зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге 18 (он сегіз) млн. теңге бөлсін.
      2. Қарағанды облысының әкімі 1998 жылдың қорытындылары бойынша

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатқа сай пайдалануына бақылау жасасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады