Мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану және шетелдегі Қазақстан Республикасының меншік құқығына жататын жылжымайтын объектілердің тізбесін кеңейту жөніндегі белгіленген жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігін әкімшілік тұрғыдан жайғастыру үшін Вена қаласында: Bruckhaufer Наuрtstr., 18 мекен-жайда орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігі қаржыландырудың шарттары мен кестесі жөнінде шетелдік несие берушілермен келіссөздер жүргізсін, 2,5 млн. (екі миллион бес жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын сомаға несиелік келісімді әзірлесін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышының 1998 жылға арналған
лимиті шеңберінде шетелдік несие берушімен несиелік келісімге қол қойсын;
жобаны қайтарымсыз негізде қаржыландырсын;
несиеге қызмет көрсету мен оны өтеуді республикалық бюджеттің
қаражатынан қарастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қаражаттың
мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі