"Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастығының ұстанымдары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 30 қазан N 1112

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы

мұнайгаз саласындағы ынтымақтастығының ұстанымдары туралы келісімді бекіту

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




                 Қазақстан Республикасының Заңы


         Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Украина Үкіметі

        арасындағы  мұнайгаз саласындағы ынтымақтастығының

           ұстанымдары туралы келісімді бекіту туралы


     1996 жылғы 9 шілдеде Киев қаласында жасалған Қазақстан Республикасы

Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы мұнайгаз саласындағы

ынтымақтастығының ұстанымдары туралы келісім бекітілсін.



     Қазақстан Республикасының

           Президенті




              Қазақстан Республикасы Үкіметі және Украина Үкіметі

             арасындағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастығының

                           ұстанымдары туралы   



                                КЕЛІСІМ



 
       Қазақстан Республикасы Үкіметі және Украина Үкіметі, бұдан кейін Екі жақ деп аталады,
      ұзақ мерзімділік негізінде мамандандыру, кооперация мен технологиялық жағынан өзара байланысты өндірістерді сақтау және дамытудың мақсатқа сай екенін ескере отырып,
      мұнай-газ салаларындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық мақсатты бағдарламалары мен жобаларын бірлесе отырып әзірлеу және жүзеге асыру қажеттігін тани келе,
      шикізат базасын тиімді пайдаланудағы, мұнай-газ салаларында бірлескен кәсіпорындар мен мемлекетаралық компанияларды ұйымдастырудағы, шаруашылық жүргізетін субъектілер арасындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасаудағы Екі жақтың өзара мүдделігін ескере отырып,
      төмендегіге келісті:
 

                                 1 Бап



 
 
       екі жақ өзара тиімділік, өзара көмек пен бір-бірінің экономикасына зиян келтіретін іс-әрекеттерді болдырмау негізінде мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытатын болады.
 

                                  2 Бап



 
 
       Екі жақ Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Украинаның Мұнай, газ және мұнай өңдеу өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитетіне меншіктің түрлі үлгісіндегі шаруашылық субъектілердің отын-энергетика ресурстары мен басқа да тауарларды өзара байланыспен жеткізуді жүзеге асыру, сонымен қатар мұнай-газ салаларындағы жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарын бағдарлауды қамтамасыз етуді тапсырады.
 

                                  3 Бап



 
 
      Екі жақ, бірлесіп қызмет ету аймағы, барлау, мұнай және газ кен орындарын жайластыру және игеру бойынша Қазақстан Республикасы мен Украина аумақтарындағы мұнай-газ салалары мен оның инфрақұрылымдары объектілерін салу және жөндеу жұмыстарының көлемі, отын-энергетика ресурстарын өңдеу және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету көлемі, сонымен қатар, қажет болған жағдайда, отын-энергетика ресурстары мен басқа тауарларды өзара жеткізу көлемі Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Украинаның Мұнай, газ және мұнай өңдеу өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы жыл сайынғы жеке хаттамаларымен анықталады. Өзара

 

байланыспен өнім жеткізу және қарыздарды өтеу жауапкершілігі

сыртқы- экономикалық келісім шарт (контракттар) көрсетілген шарттармен

шешіледі.


                                  4 Бап


     Өзара байланыспен жеткізілетін өнім, мұнымен қоса осы Келісім шарт

шегінде орындалған жұмыстар мен қызметтерді өтеу есебіне өнім жеткізу елге

әкелу және елден шығару үшін төленетін кеден бажынан босатылады.


                                  5 Бап


     Екі жақтың кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы жеткізілген өнім

үшін, сонымен қатар істелген жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін есеп

айырысу келісім баға арқылы еркін айналыстағы немесе Екі жақтың ұлттық

валютасымен жүзеге асырылады.


                                  6 Бап


     Екі жақ бұлардағы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншіктің түрлі

үлгісіндегі бірлескен кәсіпорындар құруға ықпал жасайтын болады.


                                  7 Бап



 
       Екі жақ ұлттық энергетикалық бағдарламаларын әзірлерде бірігушілік байланыстарды ары қарай тереңдету, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, мұнай-газ салаларында жаңа технологияларды енгізу мақсатымен өзара консультациялар өткізуге келісті.
 

                                  8 Бап



 
 
       Екі жақ халықаралық экологиялық стандарттарға жылдамырақ қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай әдістемеліктер негізінде мұнай-газ салаларындағы экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асырады.
 

                                  9 Бап



 
 
       Екі жақ стихиялық апаттар мен авариялар зардаптарын жою кезінде өзара бірлескен іс-қимыл жасайтын болады, сонымен бірге мұнай-газ салалары объектілерінің жұмыс сенімділігі мен тұрақтылығын көтеру жөніндегі жекелеген бірлескен жұмыстарын қаржыландыратын болады.
 

                                  10 Бап



 
 
       Екі жақ өз аумақтары арқылы өтетін арнаулы мұнай, газ, мұнай өнімдері құбырларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, көмірсутегі шикізаты мен мұнай өнімдерін асыра бөгетсіз жеткізуді іске асыратын болады.
      Қажет болған жағдайда Украина жағы Қазақстан жағының газын өздерінің жер асты сақтау орындарында сақтауды қамтамасыз етеді.
      Екі жақтың қуат қорларының экспортқа асыра тасымалдаудың көлемі мен шарттары Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Украинаның Мұнай, газ және мұнай өнімдері өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы хаттамалармен анықталады. Аталған

 

хаттамалар осы Келісім шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.


                                  11 бап


     Екі жақ, бұлардың мұнай-газ салаларының объектілерінде жұмыс істеу

үшін тартылған мамандарға Екі жақтың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес

әлеуметтік құқық пен кепілдіктерді беру негізіндегі ұлттық режимдерді

тарату жолымен қажетті әлеуметтік мәселелерді шешуге өзара көмек

көрсететін болады.


                                  12 Бап



 
       Осы Келісім шарттың қағидаларына түсінік беру немесе оларды қолдануға

 

байланысты шығатын мәселелер келіссөздер мен консультациялар жолымен

немесе Екі жақтың құптауға келетін басқа да жолымен шешілетін болады.


                                  13 Бап


     Екі жақ Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне,

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кеден Комитетіне және Украинаның

Мұнай, газ және мұнай өнімдері өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитетіне

осы Келісім шарттың орындалу барысы жөнінде тоқсан сайын мәлімет алмасып

отыруды ұйымдастыруды тапсырады.


                                  14 Бап


     Екі жақ өзара келісе отырып, осы Келісім шартқа қажетті толықтырулар

мен өзгертулер енгізе алады, олар тиісті хаттамалармен ресімделеді.


                                  15 Бап


     Осы Келісім шарт мемлекет ішіндегі қажетті іс жосығының орындалуын

куәлендіретін жазбаша хабарламамен өзара алмасудан кейін күшіне енеді және

екі жақтың бірінің оның қызметін тоқтататыны жөніндегі жазбаша хабарлаған

күнінен бастап алты ай мерзім өткенге дейін күшін жоғалтпайды.


     1996 ж. 09 шілде Киев қаласында екі түпнұсқалы данада, әр қайсысы

қазақ, украин және орыс тілінде жасалды, мұндағы барлық мәтіннің заңды

күші бірдей.

     Осы Келісім шарттың қағидаларына түсінік беру мақсатында Екі жақ орыс

тіліндегі мәтінді пайдаланады.


     Қазақстан Республикасының              Украина

         Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады