"Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 10 қараша N 1147

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы

арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                  Қазақстан Республикасының

                         Заңы

         Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық

         Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту

                        туралы


     1996 жылғы 15 қарашада Пхеньянда жасалған Қазақстан Республикасы мен

Корей Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы Консулдық конвенция

бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



             Қазақстан Республикасы мен Корей

        Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы


                   Консулдық конвенция


     Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы

өздерінің консулдық қатынастарын дамыту тілегін басшылыққа ала отырып, осы

консулдық Конвенцияны жасауды ұйғарды және мына төмендегілер жөнінде

келісті.


                       1-Бөлім

                     Анықтамалар

                       1-бап


     Осы Конвенцияда:

     а/ "консулдық мекеме" бас консулдықты, вице-консулдықты немесе

консулдық агенттікті білдіреді;


 
       б/ "консулдық округ" консулдық міндеттерді орындау үшін консулдық мекемеге бөлінген, консулдық орналасқан мемлекет ауданын білдіреді;
      с/ "консулдық мекеме басшысы" бас консулды, консулды, вице-консулды немесе өкілдігін жіберген мемлекет осы тұрғыда іс-қимыл жасауды тапсырған консулдық агентті білдіреді;
      д/ "консулдық қызмет адамы" консулдық мекеме басшысын қоса алғанда өкілдігін жіберген мемлекет осы тұрғыда консулдық міндеттерді орындауды тапсырған адамды білдіреді;
      е/ "консулдық мекеме қызметкері" консулдық мекеме әкімшілік, техникалық міндеттерді және қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындайтын кез келген адамды білдіреді;
      f/ "консулдық мекеме қызметкерлері" консулдық қызмет адамдарын және консулдық мекеме қызметкерлерін білдіреді;
      g/ "отбасы мүшелері" консулдық мекеме қызметкерінің зайыбын /немесе жұбайын/, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балаларын білдіреді;
      h/ "консулдық үй-жайлар" консулдық мекеменің пайдалануы үшін арнайы бөлінген үйлерді немесе үй бөліктерін және меншік құқығы кімге тиесілі екендігіне қарамастан, оларға қызмет көрсететін жер учаскелерін білдіреді;
      l/ "консулдық архивтер" консулдық мекеменің барлық құжаттарын, куәліктерді, хаттарды, кітаптарды, жеделхаттарды, шифрларымен және кодтарымен бірге реестрлерді тіркеу журналын, штампты, дыбысжазу, видеожазу таспаларын, фильмдерді, фотосуреттерді және басқаларды, сондай-ақ оларды сақтауды немесе қорғауды қамтамасыз етуге арналған кез келген заттарды білдіреді;
      j/ "өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы" өкілдігін мемлекеттің азаматтығына ие кез келген нақты адамды білдіреді;
      к/ "заңды тұлға" өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдары негізінде

 

құрылған, консулдық орналасқан мемлекеттегі кез келген мекемені немесе кез

келген ұйымды білдіреді;

     l/ "өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесі" әскери кемелерді есепке

алмағанда, өкілдігін жіберген мемлекеттің жалауы астында жүзуге құқығы

бар, осы мемлекетте тіркелген кез келген кемені білдіреді;

     м/ "өкілдігін жіберген мемлекеттің әуе кемесі" әскери ұшу апаттарын

есепке алмағанда, өкілдігін жіберген мемлекеттің тану белгілері бар, осы

мемлекетте тіркелген кез келген ұшу аппаратын білдіреді.


                        II-Бөлім



            Консулдық мекемелерді ашу, консулдық

           мекемелердің қызметкерлерін тағайындау

              және олардың міндеттерін тоқтату


                          2-бап


                  Консулдық мекемелерді ашу


     1. Консулдық мекеме консулдық орналасатын мемлекеттің аумағында тек

осы мемлекеттің келісуімен ғана ашыла алады.

     2. Консулдық мекеменің мекен-тұрағы, оның класы мен консулдық округі,

сондай-ақ консулдық мекеменің мекен-тұрағына, оның класына және консулдық

округіне қатысты кейінгі кез келген өзгерістер өкілдігін жіберген мемлекет

пен консулдық орналасқан мемлекет арасындағы келісім бойынша анықталады.


                           3-бап


                Консулдық мекеме басшысын тағайындау,

                    оны осы тұрғыда мойындау



 
       1. Консулдық мекеме басшысы тағайындалғанға дейін өкілдігін жіберген мемлекет осы адамның консулдық мекеме басшысы ретінде мойындалатындығы жөнінде оның консулдық орналасқан мемлекеттің келісімін алатындығына дипломатиялық жолмен көз жеткізуге тиіс.
      Консулдық орналасқан мемлекеттің келісімі алынғаннан кейін өкілдігін жіберген мемлекет өзінің дипломатиялық өкілеттігі арқылы немесе тиісті басқа бір жолмен консулдық орналасқан мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне консулдық мекеме басшысының толық аты-жөні мен фамилиясы, дәрежесі, ол үшін белгіленген консулдық округ және консулдық мекеменің мекен-тұрағы көрсетілген консулдық патент жолдайды.
      2. Консулдық патент қабылдағаннан кейін консулдық орналасқан мемлекет мүмкіндігіне қарай қысқа мерзімде консулдық мекеме басшысын осы тұрғыда мойындайтын экзекватура береді.
      Алайда, консулдық орналасқан мемлекет өз шешімінің себептерін түсіндіруге міндетті болмастан, экзекватура беруден бас тарта алады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық экзекватура бергеннен кейін консулдық мекеме басшысы өз міндеттерін орындауға жіберіледі.
      4. Экзекватура берілгенге дейін консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме басшысын өз міндеттерін орындауға уақытша жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда оған осы Конвенцияның ережелері қолданылады.
      5. Консулдық экзекватура берілгеннен кейін консулдық орналасқан мемлекет бұл туралы консулдық округтің құзыретті өкімет орындарына хабарлайды және консулдық мекеме басшысының осы Конвенцияда көзделген міндеттерді орындай алуы және осы Конвенциядан туындайтын артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалана алуы үшін қажет шаралардың бәрін қолданады.
 
                         4-бап
 
                Консулдық мекеме басшысының
                міндеттерін уақытша орындау
 
      Консулдық мекеме басшысы қандай да бір себеппен өз міндеттерін орындай алмайтын болса немесе консулдық мекеме басшысының орны бос болса, өкілдігін жіберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттегі осы немесе басқа консулдық мекеменің консулдық қызмет адамына немесе консулдық орналасқан мемлекеттегі өз дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық персоналы мүшелерінің біріне консулдық мекеме басшысының міндеттерін уақытша орындау жөнінде уәкілдік бере алады. Бұл жағдайда өкілдігін жіберген мемлекет бұл туралы консулдық орналасқан мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне күні бұрын хабарлауға тиіс.
      Консулдық мекеме басшысының міндеттерін уақытша атқарушыға консулдық мекеме басшысына берілетін артықшылықтар мен иммунитеттер қолданылады, ал дипломатиялық персонал мүшесінің консулдық мекеме басшысының міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалуы оның дипломатиялық статусына сәйкес оған берілген артықшылықтар мен иммунитеттерге нұқсан келтірмейді.
 
                         5-бап
 
              Консулдық мекеме қызметкерін тағайындау
                 және оны осы тұрғыда мойындау
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекет консулдық мекеменің қызметкерін тағайындайды және консулдық орналасқан мемлекетке жазбаша түрде мыналарды:
      а/ толық аты-жөні мен фамилиясы, қызметі, келуі, кетуі, қызмет бабындағы міндеттерін орындауды тоқтатуы және консулдық мекеме қызметкері болып қызмет істеген кезіндегі оның қызметіндегі өзгерістер туралы;
      б/ толық аты-жөні мен фамилиясы, азаматтығы, консулдық мекеме

 

қызметкерінің отбасы мүшесінің келуі мен кетуі туралы, сондай-ақ олардың

статусындағы өзгерістер туралы;

     с/ консулдық орналасқан мемлекеттің азаматын жалдау және оны жұмыстан

шығару туралы хабарлайды.

     2. Консулдық мекеменің қызметкері өзін өкілдігін жіберген мемлекет

осы тұрғыда тағайындағаннан кейін және өзінің консулдық мекемеге келгені

туралы консулдық орналасқан мемлекетке хабар берілген кезден бастап өз

міндеттерін орындауға кіріседі.

     3. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары

консулдық мекеме қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне тиісті

куәліктер береді.


                       6-бап


          Консулдық мекеме қызметкерлерінің азаматтығы


     1. Тек өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы ғана консулдық қызмет

адамы бола алады, алайда ол консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты түрде

тұратын адам болмауға тиіс.

     2. Тек өкілдігін жіберген мемлекеттің немесе консулдық орналасқан

мемлекеттің азаматтары ғана консулдық мекеме қызметкерлері бола алады.

Соңғы жағдайда консулдық мекеме бұған консулдық орналасқан мемлекеттің

құзыретті өкімет орындарынан күні бұрын келісім алуға тиісті.


                       7-бап


       Консулдық мекеме қызметкерінің міндеттерін

                  орындауды тоқтату


     Консулдық мекеме қызметкерінің міндеттерін орындауы:

     а/ өкілдігін жіберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекетке

консулдық мекеме қызметкерінің міндеттерін орындауды тоқтатуы туралы

хабарлаған кезде;

     б/ консулдық орналасқан мемлекет экзекватураның күшін жойған кезде;

     с/ консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің қызметкер деп

есептеуді тоқтатқаны туралы өкілдігін жіберген мемлекетке дипломатиялық

жолмен хабарлаған кезде тоқтатылады.


                        8-бап


       "Persona non grata" деп танылған тұлғалар



 
       1. Консулдық орналасқан мемлекет өкілдігін жіберген мемлекетке консулдық мекеменің қандай да бір қызметкерінің консулдық орналасқан мемлекетке қолайсыз екенін кез келген уақытта хабарлай алады.
      2. Мұндай жағдайда өкілдігін жіберген мемлекет бұл адамды кері шақырып алуға немесе оның консулдық мекемедегі міндеттерін тоқтатуға тиіс.
      3. 7-баптың "б" кіші тармағының және осы баптың 1-тармағының

 

ережелері жағдайында консулдық орналасқан мемлекет өкілдігін жіберген

мемлекетке өз шешімінің себептерін дәлелдеуге міндетті емес.

     Егер өкілдігін жіберген мемлекет осы баптың 1-тармағында көзделген

өзінің міндеттемесін ақылға сыйымды мерзім ішінде орындамайтын болса,

консулдық орналасқан мемлекет осы адамның экзекватурасы мен консулдық

куәлігінің күшін жоюға немесе мұндай адамды консулдық мекеменің қызметкері

деп танудан бас тартуға құқылы.


                      III-Бөлім


                Консулдық міндеттер


                       9-бап


              Жалпы консулдық міндеттері



 
       1. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің, оның азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғайды, сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтары мен заңды ұйымдарына көмек көрсетеді.
      2. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық

 

орналасқан мемлекет арасындағы достық қатынастарды дамытуға жәрдемдеседі

және экономика, сауда, мәдениет, білім, ғылым, туризм және тағы басқа

салаларда екі ел арасындағы алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал

жасайды.

     3. Консулдық қызмет адамы барлық заңды жолдармен консулдық орналасқан

мемлекеттің сауда, экономика, ғылыми-техникалық, мәдениет, спорт және

басқа салаларындағы жағдайды анықтап, бұл туралы өз үкіметіне хабарлай

алады, сондай-ақ бұл мәліметтерді мүдделі адамдарға бере алады.


                       10-бап


             Азаматтық мәселелері және азаматтық хал

              актілерін тіркеу жөніндегі міндеттер


     1. Консулдық қызмет адамы мына төмендегі міндеттерді атқаруға:

     а/ өкілдігін жіберген мемлекеттің заңына сәйкес азаматтық мәселелер

жөніндегі өтініштерді қабылдауға;

     b/ өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекеттегі

азаматтарының есебін жүргізуге;


 
       с/ өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының тууын немесе өлуін

 

тіркеу, сондай-ақ бұл туралы куәландырушы құжаттарды беруге және

қабылдауға;

     d/ өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының некесін тіркеуге және

некесін бұзуға, сондай-ақ бұл туралы куәландырушы құжаттарды беруге және

қабылдауға;

     е/ өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының отбасы қатынастарына

байланысты кез келген өтінішті қабылдауға құқылы.

     2. Осы баптың 1-тармағының ережелері өкілдігін жіберген мемлекеттің

адамдарын консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін сақтау

міндетінен босатпайды.


                        11-бап


              Төлқұжаттар мен визалар беру


     1. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына

төлқұжаттар немесе басқа жол жүру құжаттарын беруге, оларға өзгерістер

енгізуге немесе олардың күшін жоюға құқылы.

     2. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекетке баратын

немесе осы елді транзитпен жүріп өтетін адамдарға виза береді.


                        12-бап


                Нотариалдық куәландыру мен ресмилендіру


     1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес

консулдық қызмет адамы:


 
       а/ азаматтығына қарамастан, кез келген адамның өтініші бойынша оған өкілдігін жіберген мемлекетте пайдалану үшін әр түрлі құжаттар беруге;
      b/ өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының өтініші бойынша оларға консулдық орналасқан мемлекетте немесе одан тыс жерде пайдалану үшін әр түрлі құжаттар беруге;
      с/ құжаттарды өкілдігін жіберген мемлекеттің ресми тіліне аударуға және осы аударманың дәлдігін куәландыруға;
      d/ өкілдігін жіберген мемлекеттің немесе консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары берген құжаттарды ресмилендіруге;
      е/ өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының өсиеттерін жазуға, куәландыруға және сақтауға қабылдауға;
      f/ өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтары арасындағы актілер мен мәмілелер консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтін болғандықтан және тұрақты мүлік жөніндегі құқықтарды белгілеуге немесе біреуге беруге қатысты болмайтындықтан, бұл актілер мен мәмілелерді жазу мен куәландыруға, бір жағынан, өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтары мен, екінші жағынан басқа да мемлекеттердің азаматтары арасындағы актілер мен мәмілелер өкілдігін жіберген мемлекеттегі мүліктерге немесе құқықтарға ғана қатысты болғандықтан және бұл актілер мен мәмілелер орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмеген жағдайда бұл мемлекетте қаралуға тиіс істерге қатысты болғандықтан, осы актілер мен мәмілелерді жазуға және куәландыруға;
      g/ өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының алуан түрлі құжаттарға қойған қолдарын куәландыруға;
      h/ консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтіндіктен, өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының мүліктері мен құжаттарын сақтау үшін қабылдауға;
      i/ өкілдігін жіберген мемлекет заңына сәйкес басқа да нотариалдық қызметтер атқаруға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық қызмет адамы жазған,

 

куәландырған немесе аударған құжаттарды консулдық орналасқан мемлекет олар

консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес келген жағдайда

өкілдігін мемлекеттің құзыретті өкімет орындары мен мекемелері жазған,

куәландырған немесе аударған құжаттардай заңды мән-мағына мен дәлелді

күшке ие деп есептейді.

     Консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары бойынша қажет болған

жағдайда құжаттар ресмилендірілуге тиіс.


                         13-бап


          Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарымен

                     қарым-қатынас



 
       1. Консулдық қызмет адамы консулдық округ аумағында өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарымен қарым-қатынас жасауға және кездесуге құқылы.
      Консулдық орналасқан мемлекет өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының консулдық мекемемен қарым-қатынас жасауына және олардың консулдық мекемеге кіруіне ешқандай да шек қоймайды.
      2. Егер өкілдігін жіберген мемлекет азаматы консулдық округ аумағында қамалған, ұсталған немесе басқа бір нысанда бас бостандығынан айырылған болса, консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары бұл туралы мүмкіндігінше қысқа уақытта, бірақ осы азаматтың қамалған, ұсталған немесе басқа бір нысанда оны бас бостандығынан айырған кезден 7 күннен кешіктірмей, консулдық мекемеге мәлімдеуге тиіс.
      3. Өкілдігін жіберген мемлекет азаматы, қамалған, ұсталған немесе басқа бір нысанда бас бостандығынан айырылған жағдайда консулдық қызмет адамы кез келген уақытта оған барып-шығуға, онымен әңгімелесуге немесе қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оған заңды көмек көрсетуге құқылы.
      Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық қызмет адамынан бұл туралы хабар алған соң 3 күн ішінде жолықтыруға және бұдан былайғы жерде мұндай мүмкіндікті мерзімді беріп отыруға тиіс.
      4. Өкілдігін жіберген мемлекет азаматы қамалған, ұсталған немесе

 

басқа бір нысанда бас бостандығынан айырылған жағдайда консулдық

орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары оның талабы бойынша оған

өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесімен қарым-қатынас жасауын

қамтамасыз етуге міндетті.

     5. Осы бапта көзделген құқықтарды пайдаланған кезде консулдық қызмет

адамы консулдық орналасқан мемлекеттің тиісті заңдары мен ережелерін

орындауға міндетті.


                          14-бап


                Қамқоршылық пен шапағатшылық



 
       1. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары, өздерінде бұл туралы мәлімет болған жағдайда, консулдық орналасқан мемлекет аумағында тұрушы өкілдігін жіберген мемлекет азаматына қамқоршы немесе шапағатшы тағайындау қажеттігі туралы консулдық қызмет адамына хабарлайды.
      2. Консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселе бойынша консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындарымен бірлесе жұмыс жасайды және қажет болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет заңдарына сәйкес қамқоршы мен шапағатшының міндетін орындау үшін адамды ұсынады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекеттің соты немесе өзге құзыретті органдары ұсынған адамды қандайда бір себептермен қамқоршы немесе шапағатшы ретінде қолайсыз деп тапса, онда консулдық қызмет адамы басқа адамды ұсынады.
 
                           15-бап
 
         Өкілдігін жіберген мемлекет азаматының немесе заңды тұлғаның өкілі
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы немесе заңды тұлғасы орнында болмағанда немесе басқа бір себептермен уақытында өзінің мүдделерін қорғай алмаса, консулдық қызмет адамы арнайы ерекше бір сенімхатсыз мұндай-ақ азаматтың немесе заңды ұйымның консулдық орналасқан мемлекеттің сотының немесе басқа бір мекемесінің алдында өкілі бола алады, сондай-ақ оған лайықты өкілді ұсына алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді орындау кезінде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін орындауға тиіс.
 
                           16-бап.
 
              Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына
                немесе заңды тұлғаларына жәрдемдесу
 
      1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындарына өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында тұрақты тұрып жатқан немесе уақытша жүрген, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарын іздестіруде жәрдем сұрап, өтініш жасауға құқылы.
      Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары барлық мүмкін құралдар және әдістермен осыған байланысты материалдарды беруге тиіс.
      2. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары, егер оларға өкілдігін жіберген мемлекет азаматының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз жоғалғаны, ауыр жарақаттанғаны және жазатайым оқиғаға ұшырағаны туралы белгілі болса, бұл туралы кідіртпей консулдық мекемеге хабарлауға тиіс.
      Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындарына жазатайым оқиғаға байланысты материалдарды беруін сұрап, өтініш жасай алады, сондай-ақ жапа шеккендердің мүддесін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға құқылы.
      3. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекет азаматының немесе заңды ұйымының құжаттарын, ақшаларын, қымбат бұйымдарын және мүлкін қабылдауға және уақытша сақтауға құқылы.
 
                             17-бап
 
                   Мүлікті қорғау жөніндегі шаралар
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары бұл туралы кідіртпей консулдық мекемеге хабарлауға және консулдық мекеменің талабы бойынша өлімі туралы куәлікті немесе қайтыс болғанын куәландыратын басқа құжаттарды тегін беруге тиіс.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет аумағында тұрақты тұрып жатқан, өкілдігін жіберген мемлекет азаматы қайтыс болған және оның мұралық мүлкі консулдық орналасқан мемлекет аумағында болған жағдайда және де мұрагер немесе мүліктік құқығынан айырылған адам консулдық орналасқан мемлекетте жоқ болса, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары бұл туралы консулдық мекемеге мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлауға тиіс.
      3. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары өкілдігін жіберген мемлекет азаматына байланысты мұралық мүлікті қорғау жөнінде шараларды қабылдайды, ал консулдық қызмет адамы осы мұралық мүлік сақталып отырған жерге баруға рұқсат берілуін талап ете алады.
      4. Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы мұрагер немесе өсиетті алған адам болып табылса, кез келген азаматтықтағы адам өлгеннен кейін консулдық орналасқан мемлекетте қалған мұралық мүлікке мұрагер болуға немесе оны алуға құқылы, ал егер осы азамат консулдық орналасқан мемлекетте жоқ болса, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық мекемеге осы азамат қабылдауға немесе мұраға алуға тиісті мұралық мүлік туралы мәліметтерді хабарлауға тиіс.
      5. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты мекен-жайы жоқ өкілдігін жіберген мемлекет азаматының консулдық орналасқан мемлекеттен алуға тиісті мұралық мүлкін қабылдауға және оны осы азаматқа беруге құқылы.
      6. Егер өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты мекен-жайы жоқ азаматы осы мемлекетте қайтыс болса және консулдық орналасқан мемлекетте оның туысқаны немесе өкілі болмаса, онда консулдық қызмет адамы өлген адамның ақшасын, құжаттарын және жеке заттарын оның мұрагеріне, мүліктік құқықтан айырылған адамға немесе осы мүлікті алуға құқығы бар басқа адамға беру үшін уақытша сақтауға құқылы.
      7. Консулдық қызмет адамы осы баптың 5 және 6 тармақтарында қарастырылған міндеттерді орындау кезінде консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін сақтауға тиіс.
 
                         18-бап
 
            Өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесіне
                     көмек көрсету
 
      1. Консулдық қызмет адамы өз консулдық округінің шегінде өкілін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекеттің ішкі және аумақтық суларында, бұған порттарды және басқа зәкір салатын тұрақтарды қоса алғанда, сондай-ақ кеме капитанына, экипаж мүшелеріне және жолаушыларға көмек көрсетуге, сонымен бірге:
      а/ кеменің бортына көтерілуге, капитанның кеме, жүк, жүзу жағдайлары туралы баяндамасын тыңдауға құқылы, ал кеме капитаны, экипаж мүшелері мен жолаушылар кемеге жағалаумен еркін қатынас жасауына рұқсат берілісімен консулдық қызмет адамымен қарым-қатынас жасай алады;
      б/ консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарының құқықтары үшін нұқсан келтірместен, кеме жүзген кезде болған оқиғаларды тергеуге;
      в/ консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарының құқықтары үшін нұқсан келтірместен өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкес жалақыға және жалға алу туралы шартқа қатысты дауларды қоса алғанда капитан мен экипаж мүшелерінің арасындағы дауларды шешуге;
      г/ қажет болған жағдайда кеме капитанын немесе экипаж мүшелерін ауруханада емдеу немесе қайтару жөнінде шаралар қабылдауға;
      д/ кемеге қатысты құжаттарды алуға, тексеруге, беруге, куәландыруға немесе ресмилендіруге;
      е/ кемені шетелде алған жағдайда осы кеменің өкілдігін жіберген мемлекеттің жалауының астында жүзу құқығына уақытша куәліктер беруге;
      ж/ өкілдігін жіберген мемлекеттің құзыретті өкімет орындарының тапсыруы бойынша кемеге байланысты басқа да міндеттерді орындауға құқылы.
      2. Осы бапта қарастырылған міндеттерді орындау кезінде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындарынан көмек сұрап, өтініш жасай алады.
 
                             19-бап
 
              Өкілдігін жіберген мемлекет кемесіне қатысты
             еріктен тыс жүзеге асырылатын шаралардан қорғау
 
      1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттің соты немесе басқа құзыретті органдары өкілін жіберген мемлекет кемесіне қатысты немесе осы кеменің бортында қандай да бір еріктен тыс шаралар қабылдау немесе маңызды бір тергеу жүргізуді көздеген болса, онда құзыретті өкімет орындары бұл туралы осындай іс-қимылдарды жүзеге асыру кезінде консулдық қызмет адамы немесе оның өкілі қатыса алуы үшін күні бұрын міндетті түрде хабарлауға тиіс.
      Егер консулдық қызмет адамы қатыспаған болса, онда оның өтініші бойынша консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары оған кеменің бортында не болғаны туралы толық ақпарат береді.
      2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған ережелер, сонымен бірге консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары жоғарыда аталған шараларды құрлықта кеме капитанына немесе экипаж мүшелеріне қатысты қабылдауды көздеген жағдайда да қолданылады.
      3. Әдеттегі, шекаралық, кедендік немесе санитарлық бақылау жүзеге асырылып жатқан немесе консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындарының іс-қимылдары капитанның немесе консулдық қызмет адамының талабы бойынша немесе келісімімен жасалатын жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары өкілін жіберген кеменің ішкі істеріне, консулдық орналасқан мемлекеттің бейбітшілігі, қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібі бұзылмаған жағдайда, араласуға құқығы жоқ.
 
                           20-бап
 
              Өкілдігін жіберген мемлекеттің бүлінген
                   кемесіне жәрдем көрсету
 
      1. Егер өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесі консулдық орналасқан мемлекеттің ішкі немесе аумақтық суларында немесе аумақтық суларына жақын жерде апатқа ұшыраса, онда консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары бұл туралы мүмкіндігінше тез арада консулдық мекемеге хабарлайды, сондай-ақ адамдарды, кемені, жүкті және басқа мүлікті құтқару жөнінде қабылданған шаралар туралы мәлімдейді.
      2. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің апатқа ұшыраған кемесіне, осы кеменің экипаж мүшелеріне және жолаушыларына жәрдем көрсету жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ ол осы мақсатпен консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарына өтініш жасай алады.
      3. Егер өкілдігін жіберген мемлекеттің апатқа ұшыраған кемесі немесе осындай кемеге тиісті кез келген зат консулдық орналасқан мемлекеттің жағалауында немесе жағалауға жақын жерде табылған немесе осы мемлекеттің портына жеткізілген болса және бұл кезде кеменің капитаны, иесі, параход компаниясының өкілі немесе сақтандыру агенті болмай қалғанда немесе олар осы кемені немесе затты сақтау жөнінде шаралар қабылдауға немесе оларға иелік етуге шамасы келмеген жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары қысқа мерзімде бұл туралы консулдық мекемеге хабарлайды.

 

     Консулдық қызмет адамы ерекше бір сенімхатсыз өкілдігін жіберген

мемлекет кемесі иесінің атынан апатқа ұшыраған кемеге қатысты шаралар

қабылдай алады.

     4. Егер өкілдігін жіберген мемлекеттің бүлініп қалған кемесі, сондай-

ақ оның жүгі, жабдықтары мен азық-түлігі консулдық орналасқан мемлекетте

сату немесе пайдалану үшін жеткізілмеген болса, онда оларға консулдық

орналасқан мемлекет кедендік баж салығын немесе соған ұқсас алымдар мен

салықтарды салмайды.


                              21-бап


                  Басқа мемлекеттің кемесіне бару


     Капитанның келісімі болғанда және консулдық орналасқан мемлекет

порттарының ережелерін сақтағанда консулдық қызмет адамы немесе оның өкілі

өкілдігін жіберген мемлекеттің портына немесе зәкір салатын тұрағына бара

жатқан басқа мемлекеттің кемесіне бара алады.


                               22-бап.


                 Өкілдігін жіберген мемлекеттің әуе кемесі


     Осы Конвенциядағы өкілдігін жіберген мемлекеттің кемелері туралы

ережелер, сонымен бірге өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтық әуе

кемелеріне де қолданылады.

     Бірақ мұндай қолдану қазіргі уақытта өкілдігін жіберген мемлекет пен

консулдық орналасқан мемлекет арасында жүрген екі жақты келісімдердің

ережелеріне және өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан

мемлекет қатысушылары болып табылатын көп жақты келісімдердің ережелеріне

қайшы келмеуі тиіс.


                              23-бап


             Заң құжаттарын жеткізу және шетке шығару


     Консулдық орналасқан мемлекеттің ережелерін сақтаған жағдайда

консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматынан немесе

заңды ұйымынан куәлардың жауабын алуға, соттың, сотқа қатысы жоқ және

басқа заң құжаттарын жеткізуге және шетке шығаруға құқылы.


                              24-бап


           Консулдық округте және одан тысқары жерлерде

               консулдық міндеттерді орындау


     Консулдық қызмет адамы консулдық міндеттерді консулдық округтің

шегінде ғана орындайды.

     Консулдық орналасқан мемлекет тарапынан келісім болған жағдайда ол

өзінің міндеттерін консулдық округтен тысқары жерлерде де орындай алады.


                              25-бап


               Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті

                   өкімет орындарымен қарым-қатынас


     Консулдық міндеттерді орындауға байланысты консулдық қызмет адамы:

     а/ консулдық округтің жергілікті өкімет орындарымен;

     б/ консулдық округтен тыс жергілікті өкімет орындарымен қарым-қатынас

жасай алады. Мұндай жағдайда консулдық орналасқан мемлекет тарапынан

келісім болуға тиіс.

     в/ консулдық орналасқан мемлекеттің орталық өкімет орындарымен

қарым-қатынас жасай алады. Бұл жағдайда мұндай қарым-қатынас осы

мемлекеттің заңдары, ережелері мен әдет-ғұрыптары рұқсат ететіндей

дәрежеде бола алады.


                             26-бап


             Дипломатиялық өкілдіктің консулдық

                  міндеттерді орындауы



 
       1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық орналасқан мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігі консулдық міндеттерді орындай алады.
      Консулдық міндеттерді орындау үшін тағайындалған дипломатиялық персоналдың мүшесі консулдық қызмет адамының осы Конвенцияда қарастырылған ережелерге сәйкес пайдаланатын құқықтарын, артықшылықтарын пайдаланды.
      2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі консулдық

 

орналасқан мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне консулдық міндеттерді

атқарушы, дипломатиялық персонал мүшесінің фамилиясын, аты мен қызметін

хабарлауға тиіс.

     3. Консулдық міндеттерді орындаушы дипломатиялық персоналдың мүшесі

оның дипломатиялық статусына сәйкес оған берілген құқықтарды, көрсетілген

қызметтерді, артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалана береді.


                             IV - Тарау


                   Артықшылықтар мен иммунитеттер



                              27-бап


                   Консулдық мекеменің өз қызметін

               атқаруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету


     Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің өз міндеттерін

орындауы үшін барлық көмекті көрсетеді. Ол консулдық мекеменің

қызметкерлеріне өзінің қорғауын қамтамасыз етеді және консулдық мекеменің

қызметкерлері осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес өз міндеттерін орындап,

артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалануы үшін шаралар қабылдайды.


                                28-бап


                  Мемлекеттік жалау мен елтаңбаны пайдалану



 
       1. Өкілдігін жіберген мемлекеттің елтаңбасы бейнеленген және өкілдігін жіберген мемлекет тілі мен консулдық орналасқан мемлекет тілінде консулдық мекеменің аты жазылған консулдық тақта консулдық мекеменің үйіне және консулдық мекеме Басшысының резиденциясына орнатылуы мүмкін.
      2. Консулдық мекеменің үйіне және консулдық мекеме Басшысының резиденциясына өкілдігін жіберген мемлекеттің мемлекеттік жалауы ілініп қойылуы мүмкін.
      3. Консулдық мекеменің басшысы өкілдігін жіберген мемлекеттің жалауын қатынас құралдарына, оларды Қызметтік мақсаттарда пайдаланған кезде іліп қоя алады.
 
                                29-бап
 
                      Консулдық және тұрғын үй-жайлар
 
      1. Консулдық орналасқан мемлекет өкілін жіберген мемлекетке консулдық мекемені орналастыру және консулдық мекеме қызметкерлері үшін консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрып жатқан, осы мемлекет азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлерінің тұрғын үй-жайларын қоспағанда тұрған үй-жайлар ретінде үйлерді немесе үй бөліктерін және жер учаскелерін меншігіне сатып алуға, жалға алуға, құрылысына немесе алуға жәрдемдеседі.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет қажет болған жағдайда өкілдігін жіберген мемлекетке тиісті консулдық үйлерді және консулдық мекеменің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайларды алуы үшін жәрдемдеседі.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелері өкілдігін жіберген мемлекетті жоғарыда аталған жер учаскелері, үйлер немесе үй бөліктері орналасқан немесе орналасатын ауданда қолданылатын құрылыс және қалалық жобалау, ескерткіштерді қорғау жөніндегі заңдар мен ережелерді орындау міндетінен босатпайды.
 
                                30-бап
 
                   Консулдық үй-жайларға тиіспеушілік
 
      1. Консулдық үй-жайларға тиісуге болмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесі басшысының, осы мемлекеттің дипломатиялық өкілдігін басшысының немесе осылардың бірі тағайындаған адамның келісімінсіз үй-жайға кіре алмайды.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық үй-жайларға басып кіруден және оларға зиян келтіруден қорғау жөнінде, сондай-ақ консулдық мекеменің қауіпсіздігіне және оның қадір-қасиетіне қауіп төндіретін кез келген іс-әрекетті болдырмау жөніндегі міндетті мойнына алады.
      3. Консулдық үй-жайлар, олардың жабдықтары, мүлкі және консулдық мекеменің қатынас құралдары консулдық орналасқан мемлекеттің әкімшілік және әскери реквизициялауынан босатылады.
      Реквизициялау қажет болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет мұндай іс-қимылдың консулдық міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі және өз уақытында өкілдігін жіберген мемлекетке тиісті өтемақы төлеу үшін барлық шараларды қабылдауға тиіс.
      4. Консулдық үй-жайлар консулдық міндеттердің орындалуына сәйкес

 

келмейтін мақсаттарда пайдаланылмайды.

     5. Осы баптың 1-тармағында көзделген ереженің күші, сонымен бірге

консулдық қызмет адамдарының тұрғын үй-жайларына, өкілдігін жіберген

мемлекеттің меншігі болып табылатын және консулдық міндеттерді орындауға

арналған көлік құралдарына да жүреді.


                              31-бап


                  Консулдық архивтерге тиіспеушілік


     Консулдық архивтерге қай уақытта болса да және олардың қай жерде

орналасқандығына қарамастан тиісуге болмайды.


                              32-бап


                     Қарым-қатынас бостандығы



 
       1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің қызметтік мақсаттардағы қарым-қатынас бостандығына рұқсат беруге және қорғауға тиіс.
      Консулдық мекеме өкілдігін жіберген мемлекеттің үкіметімен, дипломатиялық өкілдігімен және басқа консулдық мекемелерімен, олардың қай жерде орналасқандығына қарамастан, қарым-қатынас жасағанда дипломатиялық және консулдық курьерлерді, дипломатиялық және консулдық вализаларды, кодталған немесе шифрленген шұғыл хабарларды қоса алғанда барлық қол жететін құралдарды пайдалана алады.
      Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекет қабылдаушы-хабарлаушы радиоаппаратураны консулдық орналасқан мемлекеттің рұқсатымен ғана орнатады және пайдаланады.
      2. Консулдық мекеменің ресми хат-хабарына ешкім тиіспейді. Ресми хат- хабарға консулдық міндеттерді орындауға байланысты барлық хат-хабар кіреді.
      Консулдық вализа ашылмайды, ұсталмайды,
      Консулдық вализаның сипатын білдіретін көрініп тұратын сыртқы белгілері болуы тиіс және онда тек қана ресми корреспонденциялар мен құжаттар немесе қызметтік пайдалануға арналған заттар болады. Егер консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдары консулдық вализада ресми хат-хабар емес, олардан басқа заттар бар деп ойлауға негіз табатын болса, онда олар өкілдігін жіберген мемлекеттің өкілінен құзыретті органдар өкілдерінің алдында консулдық вализаны ашуды өтіне алады.
      Егер консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарының мұндай өтініші қанағаттандырылмаса, онда бұл вализа өзінің бастапқы жөнелтілген жеріне қайтарылады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын тек өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы ғана консулдық курьер бола алады.
      Консулдық курьер оның жеке басын куәландыратын ресми құжатпен қамтамасыз етіледі және консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында дипломатиялық курьер пайдаланатын құқықтарды, артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдалана алады.
      4. Консулдық вализаны өкілдігін жіберген мемлекеттің әуе кемесінің командиріне немесе кеме капитанына тапсыруға болады.
      Мұндай жағдайда сол әуе кемесінің командирі немесе кеме капитаны вализаны құрайтын орындар санын айқындайтын қызметтік құжатпен қамтамасыз етіледі. Әйтсе де ол консулдық курьер болып есептелмейді.
      Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті органдарының келісімімен әуе кемесінің командирінен немесе кеме капитанынан консулдық вализаны кедергісіз қабылдап алу үшін және сондай-ақ оған вализаны тапсыруы үшін консулдықтың лауазымды қызметкерін жібере алады.
 

                                33-бап



 
 
                     Консулдық алымдар мен баж салықтары
 
      1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында

 

өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкес консулдық алымдар мен баж

салықтарын алуға құқылы.

     2. Осы баптың бірінші тармағында көрсетілген консулдық алымдар мен

баж салықтарынан түскен табыс және олардың алынғаны туралы түбіртектер

консулдық орналасқан мемлекеттің кез келген салықтары мен алымдарынан

босатылады.

     3. Консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетілген

консулдық алымдар мен баж салықтарынан түскен табысты консулдық мекеменің

өкілдігін жіберген мемлекетке аударуына рұқсат етеді.


                                34-бап.


                        Іс-әрекет еркіндігі


     Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменің қызметкеріне және

оның отбасы мүшелеріне консулдық орналасқан мемлекеттің мемлекеттік

қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда кіруге тыйым салған немесе шектеу салған

ауданын қоспағанда, олардың консулдық округ шеңберінде еркін қимылдауын

және жүріп-тұруын қамтамасыз етуге тиіс.


                                35-бап


             Консулдық қызмет адамының жеке басына тиіспеушілік



 
       1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамдары мен оның отбасы мүшелеріне тиісінше құрметпен қарайды және олардың жеке басына, бостандығына және ар-намысына қауіп төндіретін кез келген нысандағы қастандық жасауды болдырмауға қажетті барлық шараларды қабылдайды.
      2. Ауыр қылмыс жасағанда құзыретті сот орындарының қаулысын негізге алғаннан басқа жағдай болмаса, консулдық қызмет адамдарын тұтқындауға да, алдын-ала қамауға алуға да болмайды.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда заңды күшіне енген сот қаулыларын орындаудан басқа жағдайларда консулдық қызмет адамдарын түрмеге қамауға және жеке басының бостандығын ешқандай да басқа нышанда шектеуге болмайды.
      4. Консулдық қызмет адамына қарсы қылмыстық іс қозғалған жағдайда ол

 

құзыретті мекемелерге келуі тиіс. Алайда істі жүргізу кезінде оның ресми

қызметкер екендігі ескеріле отырып, оған құрмет көрсетілуі тиіс және осы

баптың 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа кезде оның консулдық

қызметін атқаруына кедергі келтірмеу жағы қарастырылуы тиіс.


                               36-бап


                Тұтқындау, қамауға алу немесе сотта іс

                     қарау туралы хабарлау


     Консулдық мекеменің қызметкерін тұтқындаған немесе қамауға алған

немесе оның үстінен қылмыстық іс қозғалған жағдайда консулдық орналасқан

мемлекет бұл жайында тез арада консулдық мекеме басшысына хабалауы тиіс.

     Егер консулдық орналасқан мемлекет аталған шараларды консулдық

мекеменің басшысына қатысты қабылдаса ол бұл жайында өкілдігін жіберген

мемлекетке дипломатиялық жолмен хабарлауы тиіс.


                            37-бап


                   Юрисдикцияны босату



 
       1. Консулдық мекеменің қызметкері консулдық міндеттерін атқаруға бағытталған өзінің іс-әрекетіне қатысты консулдық орналасқан мемлекеттің сот және әкімшілік органдарының юрисдикциясынан босатылады.
      Алайда бұл ереже төмендегі мынадай:
      а/ жасасқан шарттары бойынша, ол өкілдігін жіберген мемлекеттің өкілі ретінде өзіне міндеттеме алмағандығынан туындайтын;
      б/ консулдық орналасқан мемлекеттегі құрлық, теңіз немесе әуе көлігі оқиғаларынан туындайтын шығынға байланысты үшінші адамның қойған;
      с/ егер бұл адам өкілдігін жіберген мемлекеттің атынан консулдық мақсаттар үшін оларға иелік етпейтін болса, консулдық орналасқан мемлекеттің аумағындағы тұрақты жеке меншік мүлікке қатысты;
      d/ оның өсиетті орындаушы, мұрагер немесе жеке адам сияқты мұрагерлік

 

құқығынан айырылған адам ретінде мұраға қатысты азаматтық талаптарға

қолданылмайды.

     2. Егер консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-тармағының кіші

тармақтарында көзделген атқару шараларын қабылдайтын болса, онда бұл

шаралар консулдық қызмет адамының жеке басы мен тұрғын үйіне тиіспеушілік

құқығына зиян келтірмеуі тиіс.


                            38-бап


                     Куәгерлік жауаптар


     1. Консулдық қызмет адамы куәгер ретінде жауап беруге міндетті емес.


 
       2. Консулдық мекеменің қызметкері консулдық орналасқан мемлекеттің соттары немесе басқа құзыретті өкімет орындары алдында куәгерлік жауап беруге шақырылуы мүмкін. Ол қызметтік іс-әрекетіне қатысты жағдайлар туралы куәгерлік жауап беруден бас тарта алады.
      Алайда, барлық жағдайда да консулдық орналасқан мемлекет тарапынан

 

консулдық мекеме қызметкеріне қандай да болмасын күштеп шара

қолданушылыққа жол берілмейді.

     3. Консулдық мекеме қызметкерінің жауаптарын талап етуші консулдық

орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары оған өзінің қызметтік

міндеттерін орындауына кедергі келтірмеуге тырысуы керек. Мұндай ауызша,

сондай-ақ жазбаша жауаптарды олар мүмкін болған жағдайда осы қызметкердің

консулдық үйінде немесе оның тұрғын үйінде алуына болады.


                          39-бап


              Еңбек, мемлекеттік және әскери

             қызмет міндеткерліктерінен босату


     Консулдық мекеме қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері консулдық

орналасқан мемлекетте еңбек, мемлекеттік және әскери қызмет

міндеткерліктерінің кез келген түрлерінен босатылады. Олар сондай-ақ

тіркелуге, тұрғылықты тұруға және жұмыс істеуге рұқсат алуға, сондай-ақ

шетелдіктерге қойылатын басқа да осындай талаптарға қатысты консулдық

орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерінде көзделген барлық

талаптарды орындаудан босатылады.


                         40-бап


               Қозғалатын және тұрақты мүлікке

                салынатын салықтардан босату



 
       1. Иесі немесе жалгері өкілдігін жіберген мемлекет болып табылатын консулдық үйлер мен консулдық мекеме қызметкерлері тұратын тұрғын үйлер, сондай-ақ оларды жалға алуға немесе сатып алуға қатысты сауда-саттық жұмысы, қызмет көрсетудің нақты түрлеріне ақы төлеуді қоспағанда, қандай да болмасын салықтар мен алымдар салудан және төлеуден босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері консулдық орналасқан мемлекеттің

 

меншігі болып табылатын және консулдық қызметті атқаруға арналған көлік

құралдарына да қолданылады.

     3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері консулдық орналасқан

мемлекеттің заңдары бойынша өкілдігін жіберген мемлекетпен немесе оның

атынан әрекет ететін адаммен шарт жасасқан адамдардан алынатын төлемдер

мен салықтарға қолданылмайды.


                         41-бап


             Консулдық мекеме қызметкерлерін

                   салықтардан босату


     1. Консулдық мекеме қызметкері, сондай-ақ оның отбасы мүшелері

консулдық орналасқан мемлекетте мыналарды:

     а/ әдетте товарлардың бағасына қосылатын жанама салықтарды;


 
       b/ осы Конвенцияның 40-бабының 1-тармағының ережелерін қоспағанда консулдық орналасқан мемлекеттегі тұрақты жеке мүлікке салынатын салықтар мен алымдарды;
      с/ мұраға салынатын салықтар мен алымдардан, консулдық орналасқан мемлекет алатын меншік құқығын ауыстыру салықтарын;
      d/ қызметтік міндетін атқарғаны үшін алатын табыстарын қоспағанда,

 

консулдық орналасқан мемлекетте тапқан жеке табыс салықтары мен алымдарды;

     е/ арнайы қызмет көрсеткенінің нәтижесінде тапқан табыс салықтары мен

алымдарды;

     f/ осы Конвенцияның 40-бабының ережелерін қоспағанда, тіркеу, сот

және тізімдік баж салықтарынан: ипотека және елтаңбалық алымдарды

қоспағанда, барлық жеке басылық және мүліктік, мемлекеттік, аудандық және

муниципальдық салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан босатылады.

     2. Консулдық мекеме қызметкерлері өздерінің жұмыс үшін алған еңбек

жалақысына консулдық орналасқан мемлекет салатын барлық салықтар мен

алымдардан босатылады.


                          42-бап


               Кедендік баж салығы мен кеден

                    тексерісінен босату



 
       1. Консулдық орналасқан мемлекет ондағы қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес тасып әкетуге рұқсат береді және жүк тиеуге, тасымалдауға, сақтау мен түсіруге және осындай қызмет түрлеріне ақы төлеуді қоспағанда, кедендік баж салығы мен басқа да төлемдерден босатады:
      а/ көлік құралдарын қоса алғанда, консулдық мекеменің қызметтік пайдалануына арналған заттар;
      b/ көлік құралдарын қоса алғанда консулдық қызмет адамы мен оның отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған заттар;
      с/ консулдық мекеме қызметкері өзінің жаңадан тағайындалған жеріне алғаш рет келген кезінде ала келген үй-ішінің жабдықтары мен күнделікті тұтынатын заттарды қоса алғанда, жеке пайдалануына арналған заттар.
      2. Консулдық қызмет адамы мен оның отбасы мүшелерінің жеке жүктері

 

кедендік бақылаудан босатылады.

     Консулдық орналасқан мемлекеттің құзыретті өкімет орындары жүк ішінде

осы баптың 1-тармағының  "b" кіші тармағында көрсетілгеннен басқа бөгде

заттар бар деуге немесе тасып әкелуі мен әкетілуіне тыйым салынған және

консулдық орналасқан мемлекеттің карантиндік ережелерімен реттеліп

отыратын заттар бар деуге толық негіз болған жағдайда кедендік тексеру

жүргізе алады.

     Мұндай тексеріс консулдық қызмет адамының немесе оның өкілетті

өкілінің қатысуымен жүргізіле алады.


                            43-бап


                Консулдық мекеме қызметкерінің

                   мұраға қалдырған мүлкі


     Консулдық мекеме қызметкері немесе оның отбасы мүшесі қайтыс болған

жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:

     1. Қайтыс болған адам консулдық орналасқан мемлекетте сатып

алғанымен, осы адамның қайтыс болған кезіндегі заңдарға сәйкес алып кетуге

тыйым салынатын заттардан басқа марқұмның қозғалмалы мүлкін алып кетуге

рұқсат береді.

     2. Тек консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мекеме қызметшісі

немесе оның отбасы мүшесі ретінде осы мемлекетте болған марқұмның

қозғалмалы мүлкіне салынатын барлық салықтан босатады.


                             44-бап


                Отбасы мүшелерінің артықшылықтары

                      мен иммунитеттері


     Консулдық қызмет адамының отбасы мүшелері консулдық мекеменің

консулдық қызмет адамы мен қызметкерінің пайдаланатын артықшылықтарын және

иммунитеттерін пайдаланады.


                             45-бап


                    Артықшылықтар мен иммунитеттерге

                         құқығы жоқ адамдар


     37-баптың 1-тармағын қоспағанда осы Конвенцияда көзделген

артықшылықтар мен иммунитеттер, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттің

азаматтары болып табылатын болса немесе осы мемлекетте тұрғылықты тұратын

болса, консулдық мекеменің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне

қолданылмайды.


                             46-бап.


                Артықшылықтар мен иммунитеттердің

                     басталуы және аяқталуы



 
       1. Консулдық мекеменің қызметкері консулдық міндетін атқару үшін консулдық орналасқан мемлекеттің шекарасынан өткен сәттен бастап осы Конвенция ережелерімен артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдаланады.
      Консулдық орналасқан мемлекеттің аумағында бұрыннан тұратын адам консулдық мекеме қызметкерінің жұмысына кіріскен сәттен бастап артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
      2. Консулдық мекеме қызметкерінің отбасы мүшелері осы Конвенцияда көрсетілген консулдық мекеме қызметкерінің артықшылықтары мен иммунитеттерін консулдық орналасқан мемлекеттің шекарасынан өткен сәтінен бастап немесе консулдық мекеме қызметкерінің отбасы мүшесі болған сәтінен бастап пайдаланады.
      3. Консулдық мекеме қызметкері ретінде өз жұмысын аяқтаған адамның және оның отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері олар консулдық орналасқан мемлекеттің шекарасынан өткен сәттен бастап немесе консулдық орналасқан мемлекеттің шекарасынан өтуге қажет ақылға сыйымды мерзім өткеннен кейін тоқтатылады.
      Консулдық мекеме қызметкерінің отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері олардың осы отбасының мүшелері болып табылмайтын сәтінен бастап тоқтатылады.
      Әйтсе де аталған адамдар консулдық орналасқан мемлекеттен ақылға сыйымды мерзім ішінде кетпек болса, онда бұл адамдардың артықшылықтары мен иммунитеттері консулдық орналасқан мемлекеттің шекарасынан өткен сәтке дейін ұзартылады.
      4. Консулдық мекеме қызметкері қайтыс болған жағдайда марқұмның отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері олардың консулдық орналасқан мемлекет шекарасынан өткен сәтіне дейін немесе консулдық орналасқан мемлекет шекарасынан өту үшін қажет ақылға сыйымды мерзім біткенге шейін өз күшінде қала береді.
 
                           47-бап
 
              Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту
 
      1. Өкілдігін жіберген мемлекет консулдық мекеме қызметкері мен оның отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарта алады. Барлық жағдайда да бас тарту жазбаша нысанда білдірілуі тиіс.
      2. Азаматтық немесе әкімшілік істер жөніндегі юрисдикция

 

иммунитеттерінен бас тарту - бұл үшін жазбаша нысанда бас тарту талап

етілетін сот шешімін орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуды

білдірмейді.

     3. Консулдық мекеме қызметкерінің немесе оның отбасы мүшелерінің

тікелей талап етуіне байланысты қарсы талап ету қозғалған жағдайда олар

юрисдикция иммунитетіне сүйену құқығынан айырылады.


                          48-бап


             Консулдық орналасқан мемлекеттің

             заңдары мен ережелерін құрметтеу



 
       1. Осы Конвенция ережелеріне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді

 

пайдаланатын барлық адамдар өздерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне

зиян келтірместен консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін

құрметтеуге міндетті.

     Олар консулдық орналасқан мемлекеттің ішкі істеріне араласпауға

міндетті.

     2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық мекеме қызметкері ретінде

жұмыс істейтін азаматы өзінің қызметтік міндетін атқарудан басқа

жұмыстармен айналыспауға тиіс.


                           49-бап


                 Даулы мәселелерді шешу.


     Осы Конвенция ережелерін түсіндіру немесе талқылау бойынша таластар

пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды келіссөздер және

консультациялар жолымен шешетін болады.


                            50-бап


               Өзгертулер мен толықтырулар енгізу.


     Осы Конвенцияға осы Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуі бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.


                            V Тарау

                      Қорытынды ережелер


                           51-бап


               Бекітілуі, күшіне енуі, күшін жоюы



 
       1. Осы Конвенция бекітуге жатады және оны бекіту туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде грамоталармен алмасқаннан кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2. Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияны беймәлім мерзімге жасап отыр және кез келген уақытта оның қолданысын тоқтата алады. Уағдаласушы Тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тарапқа өзінің осы Конвенцияның қолданысын тоқтатқысы келетіні жөнінде жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы хабарлаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін осы Конвенцияның

 

қолданысы тоқтатылады.

     Пхеньян қаласында 1996 жылғы 15 қарашадағы екі данада әрқайсысы

қазақ, корей және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің күші

бірдей.

     Осы Конвенцияны түсіндіруде пікір алшақтығы туған жағдайда Тараптар

орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасы                Корей Халық-Демократиялық

           үшін                                Республикасы үшін



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Нарбаев Е.   







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады