Мұнай-газ секторында капиталды шоғырландыру және басқаруды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы "ҚазТрансОйл" жабық акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы" 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақтың төртінші абзацындағы "көмірсутектерін барлау мен өндіру жөніндегі шетел қатысатын" деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулыға "Мемлекеттік қатысу үлесі "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамына берілетін көмірсутектерін барлау және өндіру жөніндегі ұйымдардың тізбесі деген 1-қосымшада:
атауындағы "көмірсутектерін барлау және өндіру жөніндегі" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚазТрансОйл" ЖАҚ" 100".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті осы қаулыны іске асыру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі