Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 11 қараша N 1154. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен ~P020594

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231 P980231_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшасында:
      шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің тең төрағалары құрамына:
      сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-чех комиссиясына Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады