Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 қараша N 1165

      Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын жылумен жабдықтау жөніндегі жағдайды тұрақтандыру және 1998-1999 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан Жамбыл облысының әкіміне төтенше жағдайларды болдырмауға байланысты жұмыстарды қаржыландыруға және тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін оңтайландыру мақсатында оларды жинақы орналастыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға 25000000 (жиырма бес миллион) теңге, Жаңатас қаласы үшін - 20000000 (жиырма миллион) теңге және Қаратау қаласы

 

үшін - 5000000 (бес миллион) теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады