Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 17 қараша N 1167

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізуге арналған келісім-шарттарды жасасудың тәртібі туралы және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат берудің тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысына ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 16, 139-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бұнашам" құрылыс өндірістік-өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына Абай және Жаңасемей аудандарындағы лицензиялық аумақтарды алтынға геологиялық зерттеу, Жанан алтын кен орны мен жаңадан анықталған коммерциялық объектілерді игеру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылғы 30 желтоқсанда сериясы МГ N 55 лицензиямен "Бұнашам" құрылыс өндірістік-өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына берген жер қойнауын пайдалану құқығын кепіл ретінде "Қазкоммерцбанк" жабық акционерлік қоғамына беруге рұқсат етілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады