Ресей Федералды ядролық орталығы Оңтүстік сейсмикалық экспедициясының Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы "Галит" объектісі орналасқан аумақтағы жер пайдалану құқығын тоқтату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 18 қараша N 1176

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Заң күші бар Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ластанған және бүлінген жерлерді алудың, қорғаудың және пайдаланудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы N 976 P970976_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облысының әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Ресей Федералды ядролық орталығы Оңтүстік сейсмикалық экспедициясының Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы "Галит" объектісі орналасқан аумақтағы жалпы алаңы 300 гектар жайылымдық алапты пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Атырау облысының әкімі:
      көрсетілген жерлерді 25 жыл мерзімге консервациялап, облыстың запастағы жерлерінің құрамына енгізсін;
      тұрғындардың радиациялық қауіпті учаскелерге кіруінің шектелуіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Ұлттық ядролық орталығы (бұдан әрі - Ұлттық ядролық орталық) "Галит" объектісінің аумағына радиоэкологиялық және радиациялық мониторингті, жерасты қуыстарының жай-күйіне бақылау жасауды және оларды конверсиялауды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық ядролық орталығымен бірлесіп, радиациялық жағдайды ұзақ уақытқа болжамдау үшін "Галит" объектісінің аумағын кешенді зерттеуді жүргізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер

 

ресурстарын басқару жөніндегі комитеті мен Атырау облысының "Галит"

объектісі аумағының айналасындағы жерасты қуыстары тұрақтылығының бұзылуын

болдырмау үшін геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын жүргізуге тыйым

салынатын аймақтың шекарасын анықтасын.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.




     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады