Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
бөліммен, мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-1-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі"
25-1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
"Оңалту қоры"
(шаруашылық жүргізу құқығында)
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 409-1-жолмен толықтырылсын:
"409-1. "Қазбаспасөз" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу
құқығында) Алматы қаласы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі