Қазақстанның астық рыногын қорғау және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 7 желтоқсан N 1252. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.19. N 268 қаулысымен. ~P990268

      Қазақстанның астық рыногын қорғау мен астық және сабақтас өндірістерді дамытуда келісілген мемлекеттік саясатты жүргізу, отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 

жанынан, консультативтік кеңесші орган ретінде Республикалық астық

комиссиясы құрылсын.

     2. Қоса беріліп отырған Республикалық астық комиссиясы туралы ереже

бекітілсін.

     3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан

Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп бір ай мерзім

ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы

Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы

ұсыныс енгізсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             1998 жылғы 7 желтоқсандағы

                                                   N 1252 қаулысына

                                                          қосымша


           Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

              Республикалық астық комиссиясының

                          құрамы


     Смағұлов       - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі,

     Нұрлан          "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" жабық         

     Еркебұланұлы     акционерлік қоғамы байқаушы кеңесінің төрағасы,     

                      төраға


     Отаров        - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі,

     Кәдірхан        төрағаның орынбасары

     Махмұтұлы      


     Боос          - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің

     Владимир        Қаржы экономикалық сараптау бөлімінің сектор

     Оттович         меңгерушісі, хатшы


                            Комиссия мүшелері:


     Халилов       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

     Яралы           Стратегиялық жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық

     Мамадұлы        реформалар департаментінің директоры


     Айқымбаев    - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

     Ермек          министрлігінің Стандарттау, метрология және

     Кәпкенұлы      сертификаттау комитеті төрағасының орынбасары


     Оразаев      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет

     Марат          департаментінің бюджеттік саясат басқармасының бастығы

     Әбіләхатұлы     


     Тілеулесов   - Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Салық

     Биғали         комитеті салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі

     Жақсылықұлы    басқармасының бастығы 


     Бисембаев   - "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" жабық акционерлік

     Абай           қоғамының президенті

     Айдарханұлы   


     Ильяшенко     - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

     Юрий             жанындағы Республикалық астық инспекциясының бастығы

     Михайлович    


                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                       1998 жылғы 7 желтоқсандағы

                                          N 1252 қаулысымен

                                              бекітілген


            Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

               Республикалық астық комиссиясы туралы

                            ЕРЕЖЕ



 
       1. Республикалық астық комиссиясы (бұдан әрі-Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан, консультативтік-кеңесші орган ретінде астық рыногын мемлекет тарапынан реттеуді жетілдіру, астық және аралас өндірістерді дамыту, отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін қолдау жөнінде келісілген мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында құрылып отыр.
      2. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясының және "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" (келісім бойынша) жабық акционерлік қоғамының өкілдері кіреді.
      Комиссияның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Комиссияның:
      мемлекет мұқтажы үшін астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін (бұдан әрі- астық және астық өнімдері) сатып алу саласында баға белгілеу, оларды, мемлекеттік ресурстарын сату, сондай-ақ экспорттық және импорттық келісім- шарттар бойынша астық пен астық өнімдерін сатып алу мен босату мәселелері бойынша нормативтік актілердің, ережелердің және рәсімдердің жобаларын әзірлеу;
      астық пен астық өнімдерін өндірушілер және тұтынушылардың экономикалық мүдделерін келісудің тетігін қалыптастыру;
      астық пен астық өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында ішкі астық рыногында оның жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны дамыту және бағаны әлеуметтік құптауға келетін деңгейде қолдау;
      дүниежүзілік рыноктарда, Қазақстанның астығы мен астық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
 
                      II. Комиссияның міндеттері
 
      5. Комиссияның негізгі міндеттері:
      мемлекеттің мұқтажы үшін астық пен астық өнімдерін өндіру және сатып алу, оларды мемлекеттік ресурстарын сату мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын жасау (бұдан әрі - мемлекеттік астық саясаты);
      Қазақстан астығының экспортын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат пен қаржы жүйесі және ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың негізгі қағидаларын жасау;
      астық пен астық өнімдерін өндіру саласына құйылатын инвестицияларды тарту, пайдалану және есепке алу жөнінде тиісті басымдықтарды, ынталандыруды және кепілдіктерді қолдануды көздейтін қаржылық және ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың жүйесін әзірлеу;
      заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік астық саясатын іске асыру саласында министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
 
      6. Негізгі міндеттеріне сүйене отырып Комиссия:
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметі нәтижелерінің негізінде астық рыногы дамуының жай-күйі мен келешегіне талдау жасайды, мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып оны қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдылықтарды белгілейді;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне экспорттық-саясаттың тиімділігін арттыруда нақты шараларды жүзеге асыру, Қазақстан астығын экспорттау тетігін оңайлату және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруге, сондай-ақ Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге қатысады;
      мемлекеттік ресурстарын астық пен астық өнімдерін сатып алу және сату саласында баға белгілеу қағидаларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді, мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын және мемлекеттік ресурстардан босатылатын астық пен астық өнімдеріне бағаны өзгерту туралы ұсыныстарды қарайды;
      астық пен астық өнімдерін өндіру саласындағы жобаларды қаржыландырудың орындылығы мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы мақсат үшін бөлінетін инвестицияларды өтеудің тетіктері мен схемалары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      мемлекеттік ресурстардан астық пен астық өнімдерін сатып алу және сату мәселелерін шешу кезінде мемлекеттің экономикалық мүдделерін білдіру мен қорғау жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне елдің ішкі астық рыногындағы істің жай-күйі және дүниежүзілік астық және астық өнімдері рыноктарындағы жағдай туралы тоқсан сайын ақпарат беріп отырады, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларына енгізу үшін, Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындайды;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне, астық пен астық өнімдерінің мемлекеттік резервін қалыптастыру және ұстау тетіктерін жетілдіру саласында нақты шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, қажетті нормативтік және нұсқаулық құжаттарды әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады;
      Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, халықаралық экономикалық ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.
      7. Алдына қойылған міндеттерді шешу үшін Комиссияның мыналарға:
      Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан сұратуға және алуға;
      Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, нормативтік құқықтық актілерді шығару, өзгерту немесе жою жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      сараптама және консультациялар жүргізу мақсатында министрліктерден, ведомстволардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерінен тиісті бейіндегі мамандарды белгіленген тәртіппен тартуға, қажет болған жағдайда жұмыс топтарын құруға;
      мемлекет пен қоғамның мүддесінде астық пен астық өнімдерін өндірушілерге қаржылық көмек көрсету үшін бюджеттік қаражаттарды, директивтік несиелерді және басқа да қаржыландыру көздерін жұмсау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
 
                      III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
 
      8. Комиссияны Төраға басқарады. Комиссияның құрамына сонымен қатар Төрағаның орынбасары, Хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
      9. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметін ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функцияларын сапалы және уақтылы орындалуына жеке жауап береді.
      10. Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия төрағасы болмай қалған жағдайда оның міндеттерін атқарады.
      11. Комиссияның жұмыс отырыстарының ағымдағы регламенті мен кестесін Комиссияның төрағасы бекітеді және Комиссияның әрбір мүшесіне алдын ала хабарлайды.
      12. Комиссия өз отырыстарын кемінде айына бір рет өткізеді.
      13. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      14. Комиссия шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді.
      15. Комиссияның материалдары қаралып жатқан істер бойынша түпкілікті шешім қабылданғанша жария етілмейді.
      16. Әрбір отырыстарға дайындалған материалдар Комиссия төрағасымен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне таратылып беріледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады