Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы келісімді бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 8 желтоқсан N 1261

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

арасындағы "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік

кепілдіктері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                                               жоба



                        Қазақстан Республикасының

                                Заңы


    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі    

    арасындағы "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін    

   Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік  

             кепілдіктері туралы келісімді бекіту туралы


     1998 жылғы 12 қазанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы

"Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан

Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері

туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті


              Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей

             Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр"

        кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан

         Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының

                 әлеуметтік кепілдіктері туралы


                          Келісім



 
       Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келісімді, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу туралы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Шартты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, оның атқарушы органдарын қалыптастыру мен олардың мәртебесі туралы 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Келісімді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын әлеуметтік проблемалар жөніндегі халықаралық шарттарды назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
 
                      1-Бап
 
      Осы Келісім "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік

кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Тараптардың өзара

іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен шарттарын белгілейді.


                     2-Бап


     Осы Келісімнің мақсаты үшін "Тараптың өкілетті органы" термині:

     Қазақстан Тарабы үшін - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігін;

     Ресей Тарабы үшін - Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік даму

министрлігін білдіреді.


                     3-Бап



 
       "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері, егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
      Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері, егер осы келісімде өзгеше көзделмесе Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
 
                      4-Бап
 
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін, Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктерін Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.
 
                      5-Бап
 
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткізу Байқоңыр қаласының әкімшілігі жанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама мекемесіне жүктеледі.
      "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары үшін медициналық-әлеуметтік сараптама Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын, бірақ жұмыс істемейтін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін медициналық-әлеуметтік сараптама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын, бірақ жұмыс істемейтін Ресей Федерациясының азаматтары үшін медициналық-әлеуметтік сараптама Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелерінің шешіміне шағымдану құқығын жүзеге асыруды Ресей Тарабы Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес жүргізеді.
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын, бірақ жұмыс істемейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелерінің шешіміне шағымдану құқығын жүзеге асыруды Қазақстан Тарабы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізеді.
 
                      6-Бап
 
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аумақтық органы құрылады.
      Белгіленген тәртіппен жұмыссыздар деп танылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын жұмысқа орналастыру жөніндегі жоғарыда аталған Ресей Еңбекмині аумақтық органының Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық органымен өзара іс-қимылы Тараптардың өкілетті органдары арасындағы жеке Келісіммен айқындалады.
 
                      7-Бап
 
      "Байқоңыр" кешенінде орналасқан ұйымдарда жұмыс істейтін және Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру қоры органдарында тіркелген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын, ал тиісті жағдайларда олардың отбасы мүшелерін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Ресей Федерациясының заңына сәйкес Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
 
                      8-Бап
 
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарын медициналық қамтамасыз ету 1995 жылғы 20 сәуірде қол қойылған, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Ленинск қаласының әкімшілігі және Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі (Әскери-ғарыштық күштері), Ресейдің ғарыш агенттігі арасындағы "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында "Байқоңыр" кешенінің қызметкерлері мен Ленинск қаласының басқа да тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тәртібі туралы" Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
 
                      9-Бап
 
      "Байқоңыр" кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктерін қаржылық жағынан қамтамасыз ету Тараптардың жеке келісімімен белгіленеді.
 
                      10-Бап
 
      Тараптардың өкілетті органдары осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру барысында бір-бірімен тікелей, сондай-ақ қажет болған жағдайда Байқоңыр қаласының әкімшілігімен өзара бірлесе отырып әрекет етеді.
      Тиісті жағдайларда Тараптардың өкілетті органдары өздерінің

 

құзыреттері шегінде осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз

етеді.

     Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар Тараптардың

консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.


                     11-Бап


     Осы Келісім, оны күшіне енгізу үшін қажетті мемлекетішілік

процедураларды Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламадағы

күннен бастап күшіне енеді.


                     12-Бап



 
       Осы Келісім "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартының күші бар кезеңіне

 

жасалады, алайда ол Тараптардың бірі осы Келісімнің күшін тоқтату ниеті

туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша

алған күннен бастап алты ай өткенге дейін өз күшін сақтайды.


                     13-Бап


     Өзара келісу арқылы Тараптар осы Келісімге өзгертулер мен

толықтырулар енгізе алады.

     Алматы қаласында 1998 жылғы 12 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс

тілдерінде екі дана болып жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей.


     Қазақстан Республикасының               Ресей Федерациясының

          Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады