Экспорттық труба құбыры қуаттарын жасау және республиканың мұнай-газ саласына шетел инвестицияларын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (Н.Ж.Қаппаров) заңдарда белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан "Шелл Дивелопмент Сентрал Эйша Б.В.", "Мобил Еуройша Пайплайн Корпорейшн" және "Шеврон Оверсиз Петролиум Инк." шетел фирмаларымен каспийаралық мұнай және газ тасымалдау жүйелерінің және олармен сабақтас көлік жүйелерінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде айрықша құқықтардың негізінде келісім жасассын;
аталған техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге қатыссын.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері, ведомстволары
және жергілікті атқарушы органдары аталған техникалық-экономикалық
негіздемені әзірлеу үшін барлық қажетті ақпаратты беретін болсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар
Орынбекова Д.К.
Кобдалиева Н.М.