Республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтың импортын лицензиялау мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 14 желтоқсан N 1283. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы  N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Халықтың денсаулығын қорғау аясында мемлекетке, ұйымдарға және азаматтарға ізгілік көмек көрсету саласындағы процестердің дамуын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша республикаға ізгілік көмек желісі бойынша әкелінетін дәрі-дәрмектердің импортына, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып, бес күн мерзім ішінде лицензиялар берсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін: 
      1) <*>
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Импорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесінде:
      1-бағандағы "дәрі-дәрмектер, медициналық техника", деген сөздерден кейін "(республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған медициналық техниканы қоспағанда") деген сөздермен толықтырылсын.
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды -   ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N  168  қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады