Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 17 желтоқсан N 1288

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат беру тәртібі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ай-Дан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1997 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметі берген Қызылорда облысының Сырдария ауданының аумағында, ішінара ХХХ-40-а блогының шеңберінде орналасқан Арыс кенішінде көмірсутегі шикізатын барлауға арналған МГ сериялы N 979 (мұнай) лицензиямен берілген жер қойнауын пайдалану құқығын "Storm Rеsоurсеs,inс." компаниясына кепілге беруге рұқсат етілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады