Қысқы жағдайда Көкшетау қаласын жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған қаражаттың есебінен Көкшетау аудандық N 2 қазандығының екінші қазандық агрегатының құрылысын аяқтауға Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне 109 250 000 (бір жүз тоғыз миллион екі жүз елу мың) теңге бөлінсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Көкшетау аудандық N 2
қазандығының екінші қазандық агрегатының 1998 жылдың желтоқсанында іске
қосылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі