1998 жылғы 26 наурызда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы туралы Ташкент декларациясының қағидаларын іске асыру және халықаралық ұйымдармен инфрақұрылымдар саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамы бекітілсін (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының бірінші мәжілісін өткізуге байланысты шығыстарды жабуға қаржы қаражатын бөлсін (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
21 желтоқсандағы
N 1304 қаулысымен
бекітілген
БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған
Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік
инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан
өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының
қазақстандық бөлігінің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.16. N 1072 , өзгерту енгізілді - 2003.01.17. N 31 , 2003.11.07. N 1108 , 2004.12.31. N 1463 , 2006.08.21. N 789 қаулыларымен. .
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Жеңiс Махмудұлы коммуникация вице-министрi, жетекшi
Төлебаев - Қазақстан Республикасының
Алмас Қажыкенұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi Импортты
алмастыру және сыртқы байланыстар
департаментiнің директоры
Шығанбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ерғали Әбдiмомынұлы министрлiгi Кедендiк бақылау
комитетiнің Кедендiк бақылауды
ұйымдастыру басқармасы бастығының
орынбасары
Уажанов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Тұрсын Үшбайұлы қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызмет
директорының орынбасары - Шекаралық
бақылау бас басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша)
Мұқанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Қасым Қасенұлы шаруашылығы министрлiгi Ветеринария
департаментi директорының орынбасары
Полонский - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Александр Иванович министрлігінiң Жол полициясы
департаментi бастығының орынбасары
Қабиева - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Дәмегүл Нәбиқызы сауда министрлiгiнiң Сауда саясатын
дамыту және Дүниежүзiлiк сауда ұйымына
кiру департаментi директорының
орынбасары
Демесiнов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Алмабек Мәлiкұлы министрлiгiнiң Халықаралық ұйымдар және
көп жақты ынтымақтастық департаментi
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің бастығы
Бұтаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Құдайбердi Мырзаханұлы министрлiгiнiң Фитосанитарлық
қауiпсiздiк департаментi стратегия және
әдiстеме бөлiмiнiң бастығы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
21 желтоқсандағы
N 1304 қаулысына
2-қосымша
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына
арналған бағдарламасының шеңберінде Көлік
инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді
оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының (ЖЖТ-Транс)
бірінші мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың сметасы
|N | Қызмет көрсетулердің атауы |Сомасы |