Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсан N 1317 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкерлерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу шартының нысанын бекіту туралы" 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 P980592_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкерлерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу шартында:
      3-тармақтың бірінші және үшінші абзацтарындағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 P960623_ қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
     8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
     "Қызметкер бюджеттік несиені ресімдеген кезде агент банк үшін тұрғын үй сатып алу шартының қосымша (төртінші) данасы жасалады".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады