Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласынақоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алушартының қоса берiлiп отырған нысаны бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 24 маусымдағы
N 592 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана
қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық
аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан
қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу
ШАРТЫ
Астана қаласы 199__ жылғы "___"___________
Тараптар:
Сатушы: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 сәуiрдегi
N 377-26қ қаулысына сәйкес Астана қаласы әкімінің жанындағы Тұрғын үй
департаментi атынан ___________________
_____________________________________________________________________
(қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты)
және ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мекен-жайдағы қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйде тұрып жатқан сатып
алушы:
_____________________________________________________________________
(қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты оның төлқұжат деректерi,
_____________________________________________________________________
қашан және кiм берген, нөмiрi,
_____________________________________________________________________
оның қызметi және республикалық бюджет
_____________________________________________________________________
есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органның атауы)
осы шартты мына төмендегiлер туралы жасасты:
1. Сатушы сатады, ал сатып алушы өзiмен бiрге тұрақты тұратын
кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде отбасының уақытша жоқ
мүшелерiнiң келiсiмiмен
_____________________________________________________________________
(жұбайының тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
(ордерге сәйкес балалардың және басқа да
_____________________________________________________________________
отбасы мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
өзiне ордерге сәйкес 199__ жылғы "___"___________ берiлген Астана
қаласындағы _________________________________________________________
_________________________________________________________ мекен-жайда
орналасқан, ________ бөлмеден тұратын, жалпы пайдалы алаңы __________
шаршы м., тұрғын алаңы ________ шаршы м., қызметтiкке теңестiрiлген
жайлы пәтердi ортақ бiрлескен меншiкке сатып алады.
2. Сатылатын пәтердiң баланстық құны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң "Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" МК-ның 1998 жылғы "____"___________ N ____________ анықтамасы бойынша _____________ теңгенi құрайды.
3. Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк орталық органның қызметкерi, мемлекеттiк органдардың орталық аппараттарының Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi комиссиялары тұрғын үй беру жөнiндегi шешiм қабылдаған сәттен бастап, аталған мемлекеттiк органда немесе басқа мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қызметтерде кемiнде екi жыл жұмыс iстеуге мiндеттеме алған жағдайда, сатушы пәтердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 сәуiрдегi N 377-26қ қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес _______________________________ АҚШ долларына баламды _____________ _________________________________________ теңгеге (сомасы цифрмен және жазбаша көрсетiледi) сатып алушының меншiгiне бередi.
Тұрғын үй сатып алу кезiнде еңбек шартын жасасу жөнiндегi мiндеттеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарымен тағайындалатын лауазымды адамдарға қолданылмайды.
Қызметкер мемлекеттiк орган мен мемлекеттiк орталық органның қызметкерi арасында жасалған Келiсiм-шартта бекiтiлген, аталған мемлекеттiк органда немесе басқа мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қызметтерде мiндеттеме алған белгiленген мерзiм бойы жұмыс iстеу мiндеттемесiн бұзған кезде, не ол еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн жұмыстан босатылған кезде тұрғын үйдi сатып алуоның баланстық құны бойынша жүргiзiледi.
Бұл шарт қызметкердiң мiндеттеменi өз кiнәсiнен емес, атапайтқанда:
1) мемлекеттiк орган таратылған, қызметкерлердiң саны немесештаты қысқартылған;
2) жұмысын жалғастыруға кедергi келтiретiндей науқастануынабайланысты;
3) зейнеткерлiкке шығуына байланысты;
4) мемлекеттiк қызметшi отставкаға кеткен;
5) заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда орындамағанреттерде қолданылмайды.
Сонымен қатар бұл шарт қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан қызметкерлердiң отбасына қолданылмайды.
4. Сатып алушы 3-тармақта көрсетiлген соманы мына есеп айырысушотына төлейдi ______________________________________________________
(оператор банк көрсетiлсiн)
5. Иелiктен алынатын пәтер осы шарт жасасқан сәтте мемлекет меншiгi болып табылады, ешкiмге сатылмаған, кепiлге берiлмеген, дау нысанасы болып табылмайды және сот арқылы тұтқындалмаған.
6.
7. Сатып алынған пәтерге билiк жасау құқығы сатып алушыда осы шарттың 3-тармағында көрсетiлген жағдайлар туғанда және осы шарт Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң "Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" МК-да тiркелгенде пайда болады.
8. Осы шарт сатып алушы, сатушы және жылжымайтын мүлiктi тiркеу органы үшiн 3 дана етiп жасалды.
Қызметкер бюджеттiк несиенi ресiмдеген кезде агент банк үшiнтұрғын үй сатып алу шартының қосымша (төртiншi) данасы жасалады.
9. Осы шарт сатып алатын тұрғын үйi үшiн ақша "Жаңа астана"қорының шотына түскеннен кейiн күшiне енедi.
Сатушы Сатып алушы
М.Ө. қолы қолы
ЕСКЕРТУ. 9-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.08.04. N 738
қаулысымен. P980738
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.08.27. N 810 қаулысымен. P980810
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. N 1148
қаулысымен. P981148
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi, 8-тармақ 2-абзацпен толықтырылды -
ҚРҮ-нiң 1998.12.22. N 1317 қаулысымен. P981317
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.27. N 567
қаулысымен. P010567