"Әуе кемелерін сатып алу" жобасын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 24 желтоқсан N 1330

      "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының "Қазақстан Республикасында азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 қарашадағы N 1200 P981200_ қаулысына сәйкес әуе кемелерін сатып алуы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. "Әуе кемелерін сатып алу" жобасын қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем қаражатының есебінен 16 (он алты) миллион АҚШ доллары мөлшерінде жүзеге асырылсын.
      2. "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы тартылатын заемдар бойынша заемшы болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Әуе кемелерін сатып алу" жобасын 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем қаражатының есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жоба ретінде енгізсін және осы жоба бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін қорытынды ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі қорытындысының негізінде шетел кредиторына Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін, тартылатын заем сомасына, Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер лимитінің шегінде берсін;
      2) "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамымен оның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуі жөнінде келісім жасассын;
      3) осы мемлекетті кепілдікті беру үшін алдын ала бір жолғы төлем

 

мемлекеттік кепілдік сомасының 0,02%-і мөлшерінде белгіленсін.

     5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

тартылған қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз

етсін.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


   Оқығандар    

  Орынбекова Д.К.

  Кобдалиева Н.М.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады