Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау мен импорттау кезінде жанама салық алудың принциптері туралы келісімге қол қою туралы қол жеткен уағдаластықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау мен импорттау кезінде жанама салық алудың принциптері туралы келісімге қол қойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және
Өкілетті Елшісі Владимир Иванович Алесинге Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды
(жұмыстарды) экспорттау мен импорттау кезінде жанама салық алудың
принциптері туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.